Мұрағат

Қазақта «Әй, қап» демейтұғын қай ісі бар?!

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашының бірі "Айқап" журналының алғашқы саны 1911 жылы 10 қаңтарда Троицкіде шыққан. Биыл тұңғыш бейресми журналға 110 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алдымен журналдың шығу тарихына көз жүгіртсек. «Айқап» журналының алғашқы саны 1911 жылы Троицкіде жарық көрді. Оның шығарушысы, редакторы демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Алғашында журнал жұрттан ақша жинап, пайда серіктікке ұпай жинау арқылы шығарылды. Кейін журнал өз қаржысымен шығарылып, жәрдемдесушілерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығымен ол бастапқыда айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып шығарылды. Жәрдемдесушілері көбейіп және өзі қаржыға ие болғаннан кейін, 1912 жылдан бастан айына екі реттен, көлемі 12-14 беттен шығып тұрды.

Журналдың шығу мақсаты атақ шығару немесе білім сату емес, халыққа қызмет ету болды.

«Айқап» атауының шығу да үлкен мағына береді. Біздің қазақта «Әй, қап» демейтұғын қай ісі бар еді. Қап дегізіп, қапияда өткен істеріміз көп болғандықтан, өкінішімізге лайықты  «Айқап» деген атау берген. Міне, атауының өзінде астарлы ой жатыр. Осынау заманда қап деп өкінішін білдірген қазақтың бар жағдай болмысын көрсете білген тұңғыш журнал.

Журналда жарияланған материалдардың мазмұны мен тақырыбы жете бақылаудан өтіп, оған аса көңіл бөлңп отырды. Журналдың әр беті түрлі бөлімдерге бөлінген. Бірінші бетінде елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырман хаттарын жариялап тұрған. 4-6 беттерінде жер туралы, съезд, сайлау т.б. тақырыптар орналасты. «Фельетон», «Хабарлар» айдарымен материалдар журналдың орта тұсынан орын алған. Соңғы беттерінде шетел жаңалықтары, көңіл айтулар, ескертулер жарияланып тұрған.

«Айқап» сол кезең үшін ең үздік журнал болды. Әр санын халық асыға күтті.

Журналда жарияланған мақалалар еркін тақырыпта, билікті қатты сынай отырып, ашық түрде жарық көрді. Сол кезеңнің саяси-әлеуметтік терең мәселелерге үніле қарап, дұрыс жаза отырып, үлкен прогресшіл табысқа кеңелді. Тағы да айта кетерлік журналда бірлік мәчелесінеде аса көңіл бөлді. Сол кезеңде мал шаруашылығыменен күн көрген, руға бөлініп көшпенді өмір сүрген халықтың арасында бірліктің болуы мүмкін емес еді. Сол жағдайды шешу мақсатында оқыған азаматтарды өз ойларын ортаға салдырып, біріңғай басшылық, мемлекеттік тәртіп орнауы тиіс деген болжам келтіреді.

1915 жылы 88 санымен Айқап журналы өз ісін тоқтатты. Ал 2012 жылдың  шілде айынан бастап жазушы-қайраткер Қоғабай Сәрсекеевтің ұйымдастыруымен журналдың жалғасы ретінде тіркеліп, редакторлығымен 10 нөмірі жарық көрді. 2016 жылдың наурыз айынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылтайшылығымен қайта шығарыла бастады.