Bugin

Қазақ ақын-жазушыларын оқытуға тыйым салу керек

Сонда оқылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір ақын-жазушылардың еңбегі аз оқылатыны белгілі. Есесіне, әлеуметтік желідегі бейәдеп, ақылаққа жат дүниелер көп оқылатын, көп көрілетін болды. Адамдар тыйым салғанды көруге, білуге құмар. Неге олай? Мұны қалай тоқтатамыз?

Қалай өзіміздің ақын-жазушыларымызды дәріптей аламыз? Сонда біз осылай ақын-жазушыларымызды оқып-білуге тыйым салғанда ғана адамдардың қызығушылығы арта ма, қалай сонда? Мысалы сіз, иә сіз. "Тыйым сау керек деген сөзді оқып, не жазды екен деп оқып отырсыз ғой!

Қазіргі жастарға қарап қарным ашады. Барлығына топырақ шашпаймын. Кітап оқитын жастарымыз бар шығар. Бірақ көбісі шетел әдебиетін оқиды. Біздің әдеби кітаптарды оқытып, жазушыларды таныту үшін бір ерекшелік керек сынды. Ол ерекшелік кітаптарын тек кітап күйінде қалдырмай, сол кітап желісімен сценарий жазылып тарихи кино түсірілуі керек сияқты. Бізде әдеби талғам қалыптаспаған секілді, оқитын болсақ барлығын бірге қосып оқи береміз.

Мұның өзі үлкен бір мәселе! Әрбір мәселенің шешімі болары анық. Ақын-жазушыларды тек туған күнінде ғана еске алмай, күнде іс-шаралар ұйымдастырып тұрғанымыз жөн. Сол себепті барлығымыз тірі кезінде қадіріне жете алмаған ақын-жазушыларымыздың атын өшірмеу үшін атсалысып, күш жұмылдырсақ бізге жететін адам болмас еді. Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де солардың бірімін!