Bugin
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: «бірі жақсы мінез, бірі жақсы сөз». Жүйелі сөз мәнерімен көпшілікті сүйсіндіріп, қарапайымдылығымен көпке үлгі бола білген, ақылшы әпкеміз, Нұргүл Нұрбайқызы жайлы сөз қозғамақпын
Қазақта: «өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, ел пайдасын ойласаң, өз пайдаң соның ішінде»,- деген бір керемет сөз бар.Шындықты шырылдап жүріп айтып, қоғамға танымал журналист болған жан, қарапайым ауыл қызы болатын. «Гүл сабағымен көрікті»,- демекші әке жолын жалғап, көрген үлгісін бойына сіңіріп, жастайынан өзгелерден дара болып,өр намысты саралатып келеді, біздің алдынғы буын - әпкеміз.
Нұргүл Нұрбақызы 1992 жылы Қамыстыбас ауылында дүние келді.
№ 21орта мектепті 9-сыныпта бітірген соң Көкшетау қаласына оқуға түсіп, «Көкшетау» университетін тәмамдады. Жастайынан ата-анадан жырақ жүрсе де алғыс аларлық, атын естігенде ата-анасы тек шын бақытты. Әпкеміз «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында редактор,«Көкше нұры» бағдарламасының жетекшісі қызыметін атқарған. Сонымен қатар «QAZAQSTAN» РТРК «АҚ» «Балапан» телеарнасының редакторы. Оның публицистикалық шығармалары,тарихи өлең, дастандары Арқа жұртшылығына кеңінен танымал.
Бұл журналистика саласы үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін мамандық. Әрі ізденісті де басты талапта ұстайды. Қолынан қаламы мен қағазы түспейтін, қай жерде қызу жаңалық бар, қайтсе бұл ақпарат тимді болар,- деген маңдай тер төгілетін жұмыс, әрқашан құрметке лайық . «Балықшы балықшыны алыстан таныйды» демекші өзімде болашақ журналист болсам деген асқақ арман жетегінде өсіп келем.Сол жолда үлгі етерлік басты тұлғам осы Нұргүл Нұрбайқызы болмақ.
Талант жас күннен-ақ білінеді. Ал сол таланттың жолын әрмен қарай жалғап, дұрыс бағдар беру, ақыл нұрымен, тәрбие-тәлімімен сусындату ол әрине ата-ана мен ұстаздардың атқарар еңбеңі дер ем. Сол жолда аянбай еңбек еткен біздің ұстаздарымызға мың алғыс. Сонымен бірге естен шығармас тағы бір дүние ол – әке тәрбиесі. Сенің шын жанашырың, бақ асылың, көзіңнің ағы мен қарасы болған ардақты ата-ана .Нұргүл әпкеміз әкесінің небір қиын сынақтарынан өтіп, ешбірінен тайсалмай, қайта шыңдалған үстіне шыңдала берді. Мектепте жүргеннен ақ көзге түсіп, іс-шараларға белсене араласатын, көмек сұраған жандарға қол ұшын беріп, әрқашан жадырап жүретін.Өзі бауырмал,әрі ақкөңіл жан.
«Бір бала әкеге жете туады,бір бала әкеден өте туады»,- дейді қазақта. Қазіргі таңда Нұргүл әпкем әкесінен аспаса, кем түскен тұстары некен саяқ. Нұргүл Нұрбайқызының «Сотталумен аяқталған сұхбат» атты мақаласы обылыс көлемінде ұйымдастырылған шығармашылық сайыста бас жүлдені жеңіп алған-ды. «Ер Бопай» деп аталатын дастаны дипломыммен де марапатталған.Сонымен бірге кемелденген келешегіміздің жарқын болуына да қосқан өлесі аз емес. «Жас Алаш» газетінің 23 ақпандағы № 16 санында «Сексеуіл бағыты қай жағынан да тиімді» мақаласы,сондай-ақ,осы газеттің 6 шілде 2006 жылғы № 54 санындағы мақалалары арқылы кезінде кесіп –пішіп қойған Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу бағытында салынбақшы болған темір жолды шенеуніктердің «ары тарт та, бері тарт» кертартпалық әрекеттерінен Жезқазған-Шалқар- Бейнеу бағытына бұрылмақшы болған темір жолдың тиімсіздігін жан – жақты дәлелдеп,тосқауыл қоюына да белсенді әрекет етті.
«Сайына қарай саласы,әкесіне қарай баласы» дейді ғой. Ардақты жандардан тәлім алсақ жаман болмайтынымыз анық. Елдің, халықтың шын жанашыры болған Нұргұл Нұрбайқызы бүгінгі таңда менің ғана емес,бүтін бір ауылдың мақтанышы. Ауылдың абыройын әлі де асқақтатып,кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық жан болыңыз Нұргүл Нұрбайқызы!