МӘДЕНИЕТ

"Әке шапағаты". Мұндай отбасын бұрын-соңды көрмегем

Бүгінгінің жастарына үлгі боларлық, бұрынғының берекелі де мерекелі,тарихпен сабақтасып жатқан үлкен бір алып бәйтерек болған жақсы бір отбасы жайлы әнгіме қозғамақпын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ертеректе осы айрандай ұйыған тату-тәтті отбасымен біз де көрші болғанбыз. Үй арасында үй жоқ, барлығымыз бір үйдің адамдарындай өмір сүретінбіз. Қазақта «көрші ақысы - тәңір ақысы» деген сөз бар ғой. Сол бір кереметтей сөздің құдіреттілігін түсініп, түйсіне білген қиындық пен қуанышта әрдайым бір-біріміздің жанымызда болып, қолтықтан демеп жүретін жандар едік. Біздің қымбатты да қадірлі асыл көршілеріміз Шораевтар отбасы болған.

Біздің ата-анамых анау арғы тегі ата-бабасына дейін атақты, елге де сыйлы Шора атамыздың аналарымыз көзін көрген.Ол ақсақал барлық жанға қол ұшын беретін әрі бірбетекей жан болған. Сол ұлы атамыздың өмірінен азды-көпті сыр шерткенді жөн көрдім.

Ең ұлы сыйлық,асқан құрмет – халық сүйіспеншілігі, қауымның көңілі. Осы сыйлыққа бөлене білген Шора ақсақал сол замандардың ең бір құрметті жандарының бірі. Шора Бердалыұлы 1898 жылы Райым елдімекенінің Тасарық деген жерінде дүниеге келген. Шора ақсақал  жеті ағайынды болған. Бердалы бабамыздың ең үлкен баласы Шора, өзінен кейінгі үш інісі Нұрмағанбет, Жақи, Құдайберген; қыздардан Зиба, Жансұлу, Тәтім деген апаларымыз болды. Ағайынды төрт жігіт есейіп отбасын құрғанда өте тату болып, басқалары есейіп кеткенше бір жанұя болып тұрған. Бәрі Шора атамыздың басшылығымен кейіннен жеке-жеке шаңырақ көтерген екен. Осы татулық, бір жанұя болып тұру балаларының өмірінде жалғасын тапты. Шора атамыздың ардақты жары  Үржаманнан Шыныгүл, Бурабай, Мықтыбай және Төрехан сынды аға-апаларымыз дүниеге келген . Қандай жан болмасын өзінің ата-анасына ұқсайтыны хақ. Сол сияқты біздің Шыныгүл апай да өнегелі өмірімен кейінгілерге мол үлгі қалдырарлық жан десем қателеспеймін.

Көп жылдар осы Қамыстыбас елді мекенінде № 21 орта мектепте метематика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып, зейнетке шықты. Не бір сауатты да алғыр балаларды тәрбиелеп, алғысына бөленді. Ал  Мықтыбай ағамыз болса Қосжар балық шаруашылығында инженер боп жұмыс жасаған. Өкініштісі сол Мықтыбай ағамыз қазіргі таңда ортамызда жоқ. Жүрек ауруынан өмірден озды. Ал Бурабай аға болса ауылдағы мектепте жұмыс жасайды, Төрехан  ағамыз су торабында жұмыс атқарады. Бәрі отбасылы жандар.

           «Атасы жақсы қандайды – асқар бір биік таудайды,

             Анасы жақсы қандайды – арайлап атқан таңдайды»    -деп жыраулар айтқандай Шора атамыз саналы ғұмырында еліне адал қызмет етті. 1938 жылы «Май» калхозының басқарма басшысы болып қызмет еткен.Елдің жай-күйін біліп отырған ол 150 бас сиырды халыққа таратып: «Сиырды сауып ішіңдер,бала-шағаларыңды тойдырыңдар,бірақ піскен майларыңды колхозға өткізіп тұрыңдар!» - деп кеңес беріпті.Ол кез үшін бұлай ету отпен ойнағанмен бірдей еді. Үстінен арыз түскенмен,өзінің тапқырлығы арқасында құтылып кетіпті. Бұл туралы жазушы Зейнулла Шүкіровтың «Саршатамыз» кітабында жан-жақты баяндаған.

Әрине, бұл рас. Қазақта « Ақ пейілдінің аты арымайды, тоны тозбайды» деген ұлағатты сөз бар. Ілуде бір осы бір сөз ердің ері, еменнің сынығына ғана арналып айтылған болса,атамыздың жомарттығын айта-айта жүрген халқымнан айналдым.

 Бір күні жоқшылық кезең, елдің атуда мінер жақсылары мен жайсаңдары «осы Шораны ел мақтайды бізде барып сынап көрейік» деп сау етіп үйіне кіріп келіпті. Шора атамыз  орнынан атып тұрып, қонақтарынын төрге шығарып далаға шығып кетіпті. Қорасына кіріп ұсақ малдарын соймай, жалғыз нарын сойып, қонақасы беріпті. Әкейдің бұл жомарттығына риза болғандар әңгеме дүкен құрып бір жұмадай болып, алғыстарын айтып, әркім өз еліне хош айтысып тарапты. Не деген жомарттық  еді десеңіздерші. Қазақ халқы қонақжай, тіпті ішерге асы болмаса да,үйіне қонақ келсе бар дәмдісін соның алдына төсейтін жандар екені айтпаса да белгілі..  

Жасыратыны жоқ, осы әкейдің арқасында балалары бірталай шалқыды. Еркеледі,бірақ тез ер жетті. Үлкен баласы Бурабай ағамыз  25-ке келгенде 1987 жылы 11 маусымда отбасын құрған. Ол  әулет үлкен, үш жанұя, балалар өскенше бірге тұрған. Ағасы Бақтыбергенмен 9 жыл тату-тәтті бірге тұрған. Атамызды сыр өңірінің түкпір-түкпірінен ақсақалдар іздеп келеді, екі мезгіл қазан көтеріп, қонақтарды күтіп,баптайтын едік-ау. 1989 жылы  Шора ақсақал 94 жасында дүниеден озды,одан кейін асыл ағам Бақтыберген  ауыр науқастан 2000 жылы ол да бақилық болды.Өмір өз жалғасын тауып келеді.

Табиғи болмысқа ешкімнің де таласы жоқ.Әкеміздің атағы әлі күнге дейін азық болып келеді.Жасыратыным жоқ,халық әйтеуір бізді «алтынның сынығы» деп жатады. «Әкенің атағы қырық жылға азық»,-деген осы шығар.Әкеміз бен анамыздан керемет тәрбие алдық деп ойлаймын.Отбасы құндылықтары ізеттілік, сыйластық, адамгершілік қағидаларын бойымызға сіңірді,бұл тәрбиені өз балаларыма үйреттім,-дейді Бурабай ағамыз.

 «Тұлпар тегіне тартады». Осылай деп қайран бабаларымыз өз тұсындағы өнегелі ғұмырларын тарих беттеріне өрнектеп кете берген-ау.Асылдың сынығындай болған,ұлы алып тұлғаның  ізін жалғар ұрпағы Шораев Бурабай ағамыз да өте керемет жан.Ешқашан қарапайымдылығынан танбаған.Жұбайы  Дариха Кеңесбайқызы да Райым елдімекенінің қызы,Жетес бидің ұрпағы. Мектепте мұғалім,30 жылдан ары еңбек етіп келеді.Екі ұл,екі қыз тәрбиелеп өсірген.Үлкені Ақмаржан,Ақторғын мектепті бітірген соң екеуі де Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы медакадемиялық колежді оқыды.Қазіргі уақытта Ақмаржан жанұялы Ақтөбе облысында Қарғалы ауданында перзентханада акушер,Нұрислам деген көрсе көз тойарлық,сүп-сүйкімді төрт жастағы ұлы бар,Ақторғын Қызылорда облыс орталығында № 6поликлиникада аяжан болып қызмет атқаруда.Үлкен балалары  Бауыржан Ақтөбе жол бойы колежінде  «байланыс электригі» мамандығы бойынша білім алды.Қамыстыбас « балаларды сауықтыру және қосымша білім беру» лагерінде электрик.Ең кенже ұлы Дәуіржан Ақтөбедегі Ахмет Жұбанов атындағы университетті  «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітіріп,Арал қаласында  №220 орта мектебінде бір жыл жұмыс жасап,кейін Алматы облысы Сарыөзек маңындағы әскери бөлімде қызмет атқаруда.Үкілсай елдімекенінен қыз алдық,келін түсірдік,Аты-Айнұр, мектепте аяжан болып жұмыс жасайды. Үш немерелерім бар,үлкені Арсен ,қызым Гауһар, кенжесі Абай . «Ата, -әже!»деп жүгіріп жүреді.Айнұрдың  әкесі Қамбар темір жолда ұзақ жылдап жұмыс жасаған, «құрметті темір жолшы» деген атақ медальмен марапатталған.Анасы-Ақжүніс халықтың алғысына бөленген,жан-жағына,ағайын-туысына шуағын шашқан асыл ана, ұлағатты ұстаз. Міне,менің мың жылдық құдаларым осындай жандар. Құдайға шүкір, көршілеріммен татумыз.Сіз-біздесіп сыйласып келеміз.

Өмір сан қырлы соқпақты жолымен сені қайда алып барарын білмейсің.Бірде алдыңнан қуаныш,ал бірде қиындықтың тікенді жолдары алдыңды кес-кестеп торуылдайды.Өмір сонысымен де қызықты,әрі сол сәттер сені бақытты болуға жетелейді.Әрине  осындай қиындықтар ағамыздың басында да кездескен. 2002 жылдары ағасы  Бақтыберген ауыр науқастан өмірден озған .Орны толмас қайғы болды.Артында жылап анасы,отбасы қалды.Ал сондай қайғыны жүрегімен қабылдап қалған анасы  «қантасу» ауруынан құлап,денесінің бір қапталы сал болып,жансызданып,төсек тартып жатып қалған .Осы жағдайдан кейін ағамыз анасын өз  қолына алған.12 жыл төсек тартып жатты. Осы он екі жыл бойы Дариха апайымыз яғыни Бурабай ағамыздың қымбатты жары анасына мейірлене қарап,жағдайын жасап,бар ықыласына бөледі.Әрине ондай науқасқа қарау қиын жағдай әрине,бірақ қандай да бір қиындыққа төзіп білетін апайымыз әкесінің де анасының да батасын алған жан.Шора атамыз бір сөзінде Дариха апайға қарап «Сүйіндіктен қалған қиындық»  деп айтатын екен. Ақтық демі таусылғанша қымбатты жары екуі аянбай тер төгіп анасын бағып-қағып,жағдайын жасаған.Сол үшінде бүгінгінің жас ұрпақтарына тәлім-тәрбие аларлықтай дүние болған.

Шешем «Айбалтам» деуші еді мені; өзіңе де, әйел – балаларыңа  да  ризамын,бақытты болыңдар» деп батасын берді,-дейді Бурабай ағамыз тебірене..2002 жылы балаларына бар мейірін төккен анамыз да өмірден озды. Бұл кезеңдерді әңгімелесек бұл да өз алдына бір хикаят болып жазылар еді.Буы бұрқыраған жезсамаурыннан қызыл күрең шәй ішіп отырып,өткен өмірін балалларыма айтып отыратын. Дастарханға  үлкен немересі Бауыржан  келмей әңгіме бастамайтын. Менің әңгімемді ұйып тыңдайды дейтін еді-ау қайран  асыл анасы ...

«Айта берсек әгіме көп,жаза берсек жыр да таусылмас» демекші  осындай парасатқа толы отбасы жайлы біліп,көп нәрсені түсініп-түйсінгенім үшін де алғысым шексіз.Біздегі басты мақсат көненің көзі болған асыл аға-апаларымызды естен шығармай,рухани жаңғыру аясында есімдерін қайта жаңғырту.Ұрпақтарымыздың сана сезімі ояу,қадамдары нық болғай .Отбасынан басталатын Отан деген ұлы күшті жоғалпаса болғаны.