МӘДЕНИЕТ
Армысың абыз ақсақал! Саған да хат жазатын дәрежеге жеткеніме әлі де сене алмай отырмын.Бәлки, бұл хатты өзің оқыр болсаң, жазбас едім
Барлық жан саған: сен өткізген дәуір мен осы өзінің өткен өмірінің бел-белестерінің ақ-қарасын айшықтап жазып жатқан болар.
Әрине, өткен күн тарих, келер күн жұмақ екені баршамызға мәлім дүние.
Сендер өткен дәуір – Абай ата, тура бір даналықтың брилиант дәні егілген дәуір. Том-том кітаптар мен повестер, әңгімелер мен өлең-жырлар, қара сөздер, бәрі-бәрі өткенің өшпес өрнегі. Дәнектен өскен алып бәйтерек. Ал, біздің 21 ғасырдың әр бір призидентке ұқсаған перзент сымақтары сол брилиант дәнді оруға ерінеді. Асықпайды, саспайды. Аллаға сансыз шүкір, 91 де тәуелсіздік алдық. Біраз белестерді бағындырдық.
Бірақ осы қазір сол тәуелсіз елдің ұрпақтарына яки тәуелсіз бибіт елдің өзіне көз тимесе не қылсын?
Өзіңіздің қара сөзіңізде: қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай? Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қылшығын танитұғын кісіден қашық жүретұғыны қалай.
Расында бұрынғы мен бүгінгінің бейнесі шындық пен өтіріктің арасы сынды.Әрине өтріктің арбасы шындық көпірінен өте алмасы бесенеден белгілі...
Абай ата ! Шынымды айтсам қазір біздің адамдар өмір сүріп жатқан қоғамда ұят нәрседен ұялатын болдық...
Сен болмаған 175 жыл ішінде біз түбегейлі өзгердік. Кейінгілердің керіге кеткен ізін сен бүгінгі күні көрсең Абай ата, өз дәуіріңіздің тоғышарларымен алысқаныңызға қуанып та қаларыңыз бек мүмкін.
Неге олай дедім? Себебі бар. Өздеріңдей дана, ақыл айтар билер, аңыз-ертегі айтып бастан сыйпар әжелер жоқтың қасы. Баласынан гөрі ұялы телефонын айналшықтап шықпайтын ата-ана көбейді. Ерден намыс, қыздан ұят кетті.
Біз еліктегіш халықпыз. Бірақ, соның бәрі жақсы бола бермейді. Адам-әлсіз механизім, ол, өзіне сіңірген көптеген дүниені керісінше бойынан шығаруы мүмкін. Осы орайда Мұқаңның: Батыстың қайнаған сүтінің қаймағы емес,түбі күйген қаспағы боп қалмаңдар деген сөзі ойға оралады...
Айта берсек мәселе де мақтанатын мәртебелі дүние де жетерлік.Осымен тәмамдағаным жөн болар.
«Кеме келсе қайық судан шығады» деген екен бір данагөй жан.Сен секілді білім деңгейімен мұхитқа салуға кемеміздің желкені шұрық-тесік. Біздің кеме тегеуріні қатты толқынға шыдас беру үшін талай еңбек керек екені даусыз...
Біз сені ұлықтаймыз, біз сенімен мақтанамыз, біз сенімен қазақ деген кім екенін танимыз.Тарихтың шаң басқан архивтерінде емес, қазақ деген ұлтыңның ұлысы боп қала бер абыз ақсақал!..