Bugin

Сағынтаев ҚазҰУ-дың жері сатылғанына түсінік берді

Жансейіт Түймебаев не дер екен?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің жері сатылған жоқ түсіндірді. Оны ол халықпен есепті кездесу кезінде айтты. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Tengrinews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Халықпен кездесуге келген қала әкіміне Бостандық ауданының тұрғыны ҚазҰУ-дың түлегі Анипа Сұрапбергенова ұлттық университетінің жері сатылғаны жайлы қауесет тарағаны жайында сауал қойып, мұның қаншалықты рас екенін сұрады.  

Ал қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік университеттің жері ешкімге сатылмайды деп жауап берді.

"Университет маңындағы жердің иесі – университеттің өзі. Егер оқу орны ол жерден бас тартса, онда "жер телімі маған керек емес, қайтып алыңыздар" деп әкімдікке жүгінуі тиіс. Ал университет әкімшілігі мұндай қадамға барған жоқ. Университет басшылығына жаңадан келген ректормен (Жансейіт Түймебаев – ред.) кездесіп, осы мәселені талқылағанбыз. Ол жердің сатылмайтынын, жекенің қолына өтпейтінін нақ айтты. Айтуынша, бұл жер университеттің дамуына қажет. Сондықтан жердің сатылуы жайлы сөз қозғаудың негізі жоқ", - деп түсіндірді Сағынтаев.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын белгілі заңгер ҚазҰУ-дың 2 гектарға жуық жері сатылып кеткенін анықтаған еді. Оның айтуынша, жердің сатылуында сыбайлас жемқорлықтың белгілері бар әрі оның құжатта ізі қалмайтындай етіп жасырып істеген.

Оқи отырыңыз

ҚазҰУ-дың жерін тартып алған кім?