МӘДЕНИЕТ

Тәуелсіздік тосыннан келген сый емес

Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы туралы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлтымызғa ғасыpлaр бoйы аpмaн бoлған тәуелсіздік,  егемендік ұстaнымдapын биікке көтеpетін бұл күн – біздің Отaнымыздың әрбір aзaмaты үшін қaстеpлі меpеке. Aзaттық aңсaғaн елдің түпкі мaқсaтының орындaлып, бүгінгі Қазақстaн Республикасы өз мемлекеттігін бұдан 30 жыл бұрын жариялаған бoлaтын. Бұл мeрeкe күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мeмлeкeттік тәуeлсіздігі» туралы Кoнституциялық Зaңының 1991жылы 16 жeлтoқсaндa қaбылдayынa бaйлaныcты тұрaқты түpде aтaлып өтілeді.

Тәуeлсіздік! Қаншама жыл ата-бабамыз арман еткен ұлы мұрат. Талай ұлт пен ұлысқа тәуелсіз елміз деп айту бақыты бұйырмағаны бесенеден белгілі. Иә, тәуелсізбіз деп кеудемізді керіп, ешкімге жалтақтамай, күн көзінің нұрына бөленіп, ойымызды еркін айтып өскен тәуелсіздіктің ұрпағымыз. Қай кезде жау келеді, қай кезде аспаннан жарылғы құлайды деген уайым бізде болмаған, Шүкір. Ал енді өз мақаламда тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін айта кеткенді жөн көрдім.

Ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерге қатысқан қазақтардың күйзелісі Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі отарлық жағдай қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресіне қозғау салды. ХVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстар болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолында Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістер маңызды орын алды. 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс кезінде 3 мың қазақ құрбан болды. Бұл қозғалыстың ең ірі ошақтары Торғай мен Жетісу өңірінде болды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов жетекшілік еткен ұлт зиялылары жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа басқаша сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игерді. Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ұлы ашаршылық зұлматы Кеңестiк билiк тұсында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны орын алды. Әрине, ең қасіретті нәубет өткен ғасырдың 30-шы жылдары болды. Тарихта «Ұлы жұт» деген атпен белгілі ашаршылық жылдары қазақ халқы жер бетінен жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды. Саяси қуғын-сүргін Қазақ халқы, әсіресе оның зиялы қауымы мен партия басшылығы қызметіндегі белсенді азаматтар 1926–1930 жылдардағы қудалауға ұшырады. 1937–1938 жылдары 135 мың қазақ интеллигенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болып атылды. Саяси репрессияның толқынында қаза тапқан, ақын жазушылардың басым бөлігі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдарда қызмет еткен зиялы қауым өкілдері еді. Олардың құрамында Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Жұмат Шанин, Халел Досмұхамедов, Елжас Бекенов, Біләл Сүлеевтер халық жаулары болып дүниеден өтті. 1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрбан болған қазақтар   Ұлы Отан соғысы майдандарында соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Желтоқсан оқиғасы. Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылығы – азаттыққа ұмтылған қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиға. Әлі күнге дейін бұл оқиғаның құпиялары толығымен ашылған жоқ. Желтоқсан оқиғасы кезінде оған қатысқандарды саяси тұрғыдан ашық қуғынға түсірді. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Дүрбелеңге қатысқан жастар соққының астында қалып, изоляторларда отырды, жұмыстан, партиядан, комсомолдан қуылды. 

Бұл ұлтымыз көрген тәуелсіздік жолындағы азапты күндердің бір парасы. Осы тұста Қасым Аманжоловтың:
Сен қандай бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер жаһанды сен келгенде,
Жатармын қырымда мен көрпе қымтап...- деген өлең жолдары есіңе оралады. Расындада, біз бақыттымыз. Тәуелсіздікті тұғырлы ету, мәңгілік тәуелсіз ел болу, мына бізге жастарға байланысты. 

Осынау мезетте ұлттық идеяны қалыптастыру да соншалықты маңызды. Ұлттық идея – белгілі бір бағыттағы қоғамның даму өлшемі мен бағытын анықтаушы құрал. Ұлттық идея – қоғамның бастапқы даму сатысында оның негізгі біріктіруші факторы ретінде рөл атқарады. Тәуелсіз Қазақстан өзінің даму барысында және ұлттық бірегейлігін қалыптастыру кезеңінде арғы шығу тегi, салт-дәстүрiн, руханимәдени ұстанымдарын, тарихын, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. Ұлттық өзіндік менді қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан алуан. Оған көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние есiгiн ашқан сәбидiң құлағына естiлетiн ән мен күйге дейiн кiредi. Солардың бәрiнiң басын қосатын, бәрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз жөн. Ойы онға, санасы санға бөлiнiп отырған қазаққа ортақ ұлттық идеяны таба қою оңай мiндет емес. Ал қажеттiгiн отансүйгiш рухтағы әрбiр қазақстандық азамат сезiнiп отырғаны айдай ақиқат.

Халық идеясыз, ал мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды. Қазақстанда қазақ халқының бейбіт сүйгіш, өзінің ұлан-ғайыр даласындай кең пейіл менталитетінің еліміздегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді орнықтыруы өзгелер қызығарлықтай қуатты идеологияның функциясын табиғи түрде атқарып тұр. Идеологияның өзі мемлекеттің басты сүйенер діңгегіне емес, бүкіл қазақстандық азаматтардың ортақ ісіне айналуы тиіс. Осы орайда, Президентіміз мемлекеттік идеологияның негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетіп жүр: Достық, Ұлттық идея мен мәдениет, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және экономиканың үйлесімді бірлігінен жалпыұлттық идеологияның күш-қуаты арқылы халықты түрлі ұлт өкілдерінен құралған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру. 

Алда бұралаң жол, асу бермес асулар, өткел бермес өзендер, кешу бермес көлдер, шеті жоқ мұхиттар бар. Сол ұзақта, қызық сапарға өзгелермен иық қағыстырып тағы бір халық тәуекелдің кемесіне қаймықпай мінді. Ол қазақ халқы. Оның өзінің гиді болуы тиіс, әрі бар да, ол өз әлінің рухын жоғары ұстап, ақ парус астында әлемдік мұхиттар айдынан көктей өтіп, сара жолдай адасуға мүмкіндік бермей, туған халқының айбарын асыра береді деген сенімдеміз.

Тәуелсіздік таңдары, елдің асыл арманы,
Бастар жолды арманға Елбасымыз таңдады,
Армандаған бабамыз, мәңгілік ел боламыз, 
Ғажайып елге айналды, біздің ұлы даламыз!