Weekend

Төрт түліктің төресі

Қазақ дүниетанымындағы жылқы жануары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ер қанаты – ат»- деп қазақ халқы ертеден–ақ төрт түліктің төресі жылқы жануарын қасиетті санаған. Қазақтың сана – сезімінде жылқы ойып тұрып орын алған киелі жануар болған. Көшпенділер тарихында жылқыдан асқан кербез жануар болмады. Қазақ қашанда жылқыны кие тұтты. Қазіргі күнге дейін өз құндылығын сақтап келе жатқан ұлылығымызды ұлықтайтын жылқының орны қазақ үшін қашанда киелі болмақ. Ата–бабамыз қасиетті санаған арғымақ біз үшін де киелі, біз үшін де қасиетті.

Балалық шақтың алғашқы сатыларына жеткеннен-ақ «Атқа мінер жасқа келдің»,- деп баланы аттың құлағында еркін ойнауға баулыған. Шөпті де талғап жеп, суды да талдап ішетін қадірлі жануар қазақтың жанына етене таныс. Ішсе сусын, мінсе көлік, жесе тағам болатын жылқының пайдасы қай заманда да, қай жағынан алып қарасақта азаймақ емес. Қазақ сәйгүлікке мінгенде жанына сая табып, қанаттанып кететін болған. Кешегі Қобландының – Тайбуырылы, Алпамыстың – Шұбар аты өз иелеріне қандай сенімді серік болды десеңізші. Қаншама суырып салма ақындардың өлеңіне арқау болып, қаншама күйшілердің керемет туындыларына себепші болған дәл осы - сәйгүліктер. Егемендігіміздің символы Елтаңбамыздан да ойып тұрып орын алған да, дәл осы - жылқы. Жылқы жануарының біз үшін қаншалықты маңызды екенін айтып жеткізу мүмкін емес. Аңшылыққа шыққанда, жауға шапқанда, сауық құрғанда ер жігіттің жанынан қашанда жылқы табылған. Ер балаларды қойғанда, қазақтың қыздарының өзі сәйгүлікті жанына серік еткен. 

Жылқы жануарының қазіргі кезде насихатталуы көңіл қуантпайды. Оған себеп, бүгінгі күннің жастары жанына серік еткені былай тұрсын, жылқыға жақындауға қорқатына жасырын емес. Бұл ұлттық құндылықтарымызға деген салғырттығымыздың белгісі десек те болады. Дегенмен, осы мәселе жақында жарық көрген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жақсы қозғалды. Бұл мақалада атқа міну мәдениетінің тарихы біздің ұлтымыздың тарихымен тікелей байланысты екендігін, төрт тұяқты жылқы жануарының тарихымыздың төрінен орын алатынын атап өткен.

Ендеше, жанымызға жақын арғымағымызды әлі де болсын қастерлейік!