Қазақстан жаңалықтары

Ашаршылықты кәсіби тарихшы зерттесін – сарапшы пікірі

Архивте жатқан құжат көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Ашаршылықты саясиландырмайық" деген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзіне қатысты әртүрлі пікір айтып жатқандар табылды. Бірі бұл мәлімдемеге қарсы уәж айтса, екіншісі айтылған сөздің дұрыс екенін айтады. Мұны ол ҚазАқпарат-қа берген түсініктемесінде айтты. 

Осы ретте тарихшы Жамбыл Артықбаев "Алдымен президент, содан кейін сенат төрағасы айтқаннан кейін ашаршылық тақырыбын кәсіби тарихшылар қайтадан көтереді ғой деген үлкен үмітіміз бар. Әрине, бұл оқиғаны саясиландырмай, оның ғылыми маңызын түсіндіру, қарау, баға беру біз үшін маңызды ғой" дейді.

Профессордың айтуынша, тарихтың бұл қасіретті кезеңіне зерттеушілер үшін саяси баға бергеннен гөрі оны зерттеу нысанасына айналдырып, нақты жұмысқа кіріскен жөн.

 "Ашаршылық тақырыбын саясиландыратын болсақ, бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан келу өте қиынға айналады. Бүгінгі күні ең маңызды дүние – ашаршылыққа қатысты дүниенің барлығын жүйелеп шығару. Ашаршылықтың алдында «ұлы кәмпеске» деп аталатын, қазақ шаруашылығын әбден бұзған саяси шара болды. Ұлы кәмпеске экономиканың негізгі тетігін ұстап тұрған адамдарды қауым ортасынан алып тастады. Шаруашылық жүйесінде жұмыс істеу процесін тоқтатты. Кейін келіп, ашаршылық ұлы кәмпескенің салдарына айналды. Менің ойымша, құжаттардың көпшілігі НКВД қорында жатса керек. Сондықтан қазіргі тарихшылар үшін ең басты мәселе – деректерді жинау. Архивтерден тыс екінші мәліметтерді естеліктерден алуға болады. Ауыздан ауызға айтылып жатқан естеліктерді жинап шығуымыз керек. Сол кезде адам шығынын жалпы жобалап анықтауға болады. Ашаршылыққа байланысты деректерді Щербина экспедициясы жүргізген статистикалық зерттеулерден алу керек. Кімде-кім отызыншы жылдардағы ашаршылықты зерттегісі келсе, Щербинаның статистикалық мәліметтерін қарап шығуы тиіс", - деп атап өтті тарихшы.