Саясат

Міржақып Дулатовтың "Біздің мақсатымыз" мақаласы хақында менің ойым

Алаш азаматының батыл қадамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Міржақып Дулатовтың "Біздің мақсатымыз" мақаласында Ресей мемлекетінің қазақтарды отарлап жатқанын жазған.

Ең алдымен Міржақып Дулатұлының  қазақ халқы өз  жерінде бола тұра өз аузына өз қолы жетпейтіні  намысына тиіп, мақала жазуына негіз болады.   Қазақ  халқының арасындағы кедей жандардан мал мен мүлікті тартып алуының өзі, салықты  мөлшерден тыс асырып, ең жаманы қаражаттың  халық игілігіне емес, қайдағы жоқ  шонжар қалтаға тығылып жатқаны  ыза-кекке буындыратын дүние.

Ресей мемлекетінің алтын кілті – қазақтың  шұрайлы жері. Әу бастан Әбілқайыр ханға  елшілік жіберілуі  дәл осы мақсатта еді. Ал қазақтың мақсаты ше? Қазақ халқының бодандықтың  белбеуіне асылғаннан кейінгі өмірінде  көз ашпай қиындық көргенінің кесірінен  жасықтыққа ерік бергені хақ. Әрі  қара бұлт үйірілген қазақ шаңырағының тілеуі «Жазықсыз жандарды қыршын қылмаса екен…  Бала-шаға, мал-мүлік аман болса екен» болды. Орыс отаршыларын көріп қалса  үйге тығылатындай халге келіп тірелді.

Ресей мемлекеті онымен қоймай әр жақтан біршама бас түтін қосып, қазақ жерін иемденуге кірісті.  Осындай ауыр оқиғалар легінде жүрген қазақ халқы  мақсатын шырылдап айту  қорқынышты бір қараса ажалға өзі  мен  жақындарын айдап салғанмен тең болды. Осындай қиын-қыстау заманда алаш  арыстарының  халық үшін қолға қалам ұстауы жауға қылыш ұстап  аттанғандай  ерлікпен парапар.  

Халық жайын жазса, қалай айдауға кететінін олар  білсе де  кешегі тарих үшін, келешек ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу тұлға болуы үшін намысын бетке алып,  шыбын жаны шыққанша шындық үшін шырылдап өтті.

Сол үшін де шығар «жігіт жақсысын түрмеден ізде» деген  астарлы ой қалыптасқаны. Ал қазір ше? Қазір халық сөзін сөйлеп, биліктің кемшілігін бетіне басатын ол – журналистер.

Алайда қазіргі таңда бұлай ешкім ашықтан ашық, көзге шұқып тұрып көрсететіндей мақала жазбайды. Неге? Өйткені одан еш пайда жоқ. Биліктің саятсатына қарсы шығап жазылған ақпарат қабырғаны тоқылдатқаннан қайтпаған дыбыс секілді.

Жазған мақаланы қолдайтын халық қарасы аз болады, яки билік сыр бермейді, я  жазған адамды аттандырады. Демек, түйін, біз әлі де бодандықтың құрбанымыз. Сол кездерде қалып қалған жасықтық,  бірлігі жоқтық бойымызда әлі бар.  Біріміз «менің ісім емес» дейміз, «біріміз қорқамыз». Оған қоса, Ресей орнатқан саясаттың  беріктігі де себеп шығар…

М.Дулатовтың бұл мақаласының негізгі мазмұны мұжықтарды қазақ жеріне көшіріп жатқан  патша үкіметіне наразылық жайында. Бұл тұрғыдан Міржақып соқыр саясаттан халық құрбан болып жатқанын, бұл үрдіс жалғаса берсе қазақтың құрдымға кететінін,  Россияда  мұжықтарға ұлтарақтай жер табылатынын әдейі жасалға жоспар екенін бүкпесіз жариялайды.

Ол туралы мақалада «Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін  жер аударады... Әлде Россияда жер аз ба? Шұрайлы жерлер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың,дворяндардың,помещиктердің қолында, олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес, ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ...Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде» деп жазылады.

Не десекте, алаш азаматтарының  батыл қадамынан ой түюіміз қажет деп білемін. Сол кездердегі қазақ жанашырларына «халық зиялысы» деп айып тағылғанымен әлі күнге дейін бұл сөз  біздің санамызда жақсы сөз ретінде қалып, кезіндегі батырларды, патриоттардың бейнесін еске салады.

Бұл сөз бізге жылы көрініп, жігерімізді қайрап, намысымызды оятады! Дулатовтың  бұл мақаласы дәл осылай  ауызға шайнап бергендей түсінікті, еркін жеткізілуі нағыз  ерлік және менің ойымша, дәл осы еңбектің арқасында талай қазақ халқының намысы оянып, шынымен қазақтың  мақсатын  есіне алып бір жасап қалған шығар.

Мен осы мақаланы оқыған кезде бірден ойыма «Ұлы дала зары» фильмі оралып, оқиғалары көз алдымда  тізбектеліп жатты. Ауыр тұрмыс, зарлаған дауыс, қаралы күндер…