Ахмет Байтұрсынұлы. ­"Қазақ өкпесі" мақаласындағы негізгі ойлар

Надандық пен ғылымға бейқамдық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана кіре бастады. Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпелейді" деп мақаласын бастаған Ахмет Байтұрсынов қазақтың өкпесінің бастауын және себептерінің түйінін тарқата жазған.

Мақаланы оқып отырсам, біздің қазақ расында да өкпешіл екен. Бір жағдай болса кінәні өзінен іздемей өзгеден іздеуге құмар. Мақалада құдды қазақтың өзгеге деген өкпесін айту арқылы Ахмет Байтұрсынов қазаққа деген өз өкпесін жеткізгендей. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері кетті. Хандары да, халқы да ғылым өнерді керек қылмады.

Ахмет Байтұрсынов өте білімді азамат болған, сол себептен де халқының білімді болғанын қалайтын. Дегенмен  қазақ шіркін  білім қуып, кітап оқумен көбінің шаруасы болмапты-ау. Басшысы да, халқы да өнер білімді керек қылмай, өзге елдер секілді алға жылжуды ойламай бір қалыпта тамағын тауып күн өткізгеніне қанағаттанатын айтып қынжылады.

«Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес. Жер өзінікі болса, қазақ естектің істегенін істемейді деп кім айтар?! Айтатын адам болса, тыңдауға бармын, істемейді деп айтуға жоқпын» дегенде Абай Құнанбайұлы есімізге келеді. Себебі Ахмет те Абай ойлағандай қазақты түсінгісі келеді. Бірақ қызық мінездеріне қарап түсіне алмайды.

Мақала көпті ойландыратындай, халыққа ой салатындай-ақ, сөздері өте әсерлі жазылған. Бұл жолы мақаланы халықтың жан айқайын мінбердегілерге жеткізу үшін емес, өз өкпесін халық еткізу үшін жазылған мақала. Және мақалада қазақтың басындағы үлкен мәселесі жер жетіспеушілігін тілге тиек ете кеткен. Жер қазақта болса бір күндік қуаныш үшін алдын ойламай жерін сатып, ертеңгі күні тентіреп жүрген жүрісі дейді.

Естектер сықылды шай, қант, шүберекке қызығып, жер жалдап, мұжықты ішіне кіргізген өзің емес пе?! Өзің қондырсаң дұрыс та, хакім қондырса бұрыс па?

Ахметтің сұрағы көп. Өйткені халқына сұрағы көп.

Ахметтің елі үшін қатты уайымдайтын дүниесі – халықтың надандығы. Ахмет Байтұрсынов "Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ" деген сөздерімен аяқтайды.

Бұл сөзі қазақ десең өзіңе тиеді айтпайын десең, тағы болмай барады деп тұрғандай. Ұзақ уақыт бұрын жазылған мақала болсада бүгінгі күні мән мағынасын жоғалтпай келеді.