Мұрағат

Талап жоқ, үміт мол халықпыз

Мықты мемлекеттің ханы болу үшін де үлкен күш-жігер керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында қазақ халқының әркімге, әрнәрсеге, жоғына өкпелей бергеннен пайдасы жоқ, яки әрекет ету керек, сонда берекет те болады деген ойды жазған.

Жұртының қамын ойлап ол осы мақаласын жазып, сол кезеннің ең ауыр мәселесін жаза білді. Алайда мақала қазақ халқына қарсы жазылған деген ойдың пайда болуы мүмкін. Бірақ олай емес.

Мақала бірнеше мәселе қозғалған. Басында «...Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан...» деп қазақтың өз жолын өздері байлап, кертартпалығын көрсетеді. «...Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес...» деп жалқаулық, надандықтарын аша түседі. «...Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақстан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты әр жерде ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз; болған соң, біз де қиып айырылмай ақ келеміз...» деп жердің үлесінен, жолдан қағылғанымыз надандықтың кесапатынан деп білді. Бірақ осыны білім-ғылымнан артық көретіміз көңілге тиеді.

Ахмет Байтұрсынов жазып аңсап кеткен қазақ өмірі қазір жоқ-ты. Біз сол кездегідей ілгері емес, кейін жүріп келеміз. Біздің мәдениет батыстан қалыптасып келе жатыр, білімге құштар азаматтар азаюда. Салт-дәстүріміз бұрмаланып, өздігінше өзгеріп кетті.

Жер мәселесі дерлік әлі де өзекті мәселе болып табылады. Біз неге зиялыламыз айтқан ақыл-кеңестерін оқып, білсекте әрекеттен қашамыз. Әрекет етпей надандықтан арылмаймыз. Еңбек етпей дегенімізге жете алмаймыз. Осыны ұғынғанда ғана ілгері басамыз.

«...Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін; жоқты барға теңгеретін; ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?! Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ...» деген қорытынды сөзге келіспесек болмайды.

Шынымен де, өзімізге өкпелемеген де кімге өкпелейміз? Біз өзіміз еңбектенбей бұл надандықтан арылмаймыз. Сөз соның Абайдың «Баянды еңбек – егін салушылық, білім алушылық» деген ойын тиек етсем.

Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған адам- Ахметтей зиялыларымыз аңсап кеткен ел болашағының ұлы азаматы.