Экономика
Жапония мен Грекияның қарызы бірдей, бірақ біреуі дефолт, неге?
Қазақстанның сыртқа қарызы 160 миллиард доллар. Адам басына шаққанда 8500 доллардан. Әр бала туылғанда автоматты түрде борышкер боп туылады.
Әлемдегі мемлекеттің адам басына ең қарызы көп ел Жапония екен. Әрбір жапонның жан басына шаққанда 100 000 доллардан қарызы бар. Жапониядан соң ЖІӨ-мен салыстырмалы түрде ең қарызы көп ел – Грекия. Бірақ Жапония сол қарыздан пайда жасайды. Греция дефолт болады. Неге?
Жапонияның қарызы ЖІӨ-нен 300% жоғары болса да, Жапонияның ақша саясаты өте дұрыс жолға қойылған. Оларда пайыздық ставка төмен. Жапония ол ақшаны алып басқа елдерге пайызын жоғарылатып береді. Айналып келгенде Жапонияның әлемге 10 триллион доллар қарызы болса да Жапонияға басқа елдер 13 триллион доллар қарыз. Жапония плюсте отыр. Бірақ ұлттық банктерінің пайызы жоғары елдер сырттан жоғары пайызбен кредит алады. Елде неғұрлым тұрақсыздық болса, соғұрлым пайыз да өсе береді. Жапония кредиторлық қарызы бар ел болса, Грекия дебиторлық қарызы бар ел.
Сосын әлемдегі ең қарызы көп ел – АҚШ. Америка да тура Жапония сияқты жағдайда. Салыстармалы түрде өзіміздің көршілеріміздің сыртқы қарыздарын бюджетінің пайызымен салыстырсақ, Қытай – 52,6%, Қырғызстан – 54,6%, Түркменстан – 29,3%, Өзбекстан – 20,4%, Ресей – 19%, Қазақстан – 18,8% шамасында. Қазақстанның сыртқы қарызының 8%-ы – мемлекеттік қарыз, 12%-ы – квазимемлекеттік қарыз, қалғаны – жеке сектордың. Жеке сектордың ішіндегі 101 миллиард қарыз ең ірі ТШО, Қарашығанақ және Қашағанға тиесілі. Бұл компаниялар мұнайға ақша құйғанда халықаралық заңдар бойынша бізге сырттан қарыз ақша әкелгендей болады екен.