Әлем жаңалықтары

Ресей дауы: АҚШ Еуропаға сес көрсетті

Навальный ісі үшін Ресейге тағы санкция салынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропаның Ресейге салған санкциясынан түк шықпайды. Шенеуніктерді емес, ірі бизнес өкілдерін қысу керек еді, деп жазады Bloomberg басылымы. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Еуропа одағының 22 ақпан күні Ресейге біріккен санкция жариялайтыны хабарланған. Бұған талдау жасап көргісі келген АҚШ басылымы ЕО-ның ішкі құжаттарымен танысып шықты. Нәтижесінде мұндай санкцияның Ресейге таяқ боп тимесін айтады.

"Одақтың кейбір елдері Мәскеумен тікелей жауласқысы келмейді. Сол себепті санкцияны Ресейдің ірі олигархтарына емес, Навальныйды тұтқындаған шенеуніктер мен ұйымдарға салмақ. Ал бұл Ресейге әсер етпесі белгілі", - деп жазады басылым.

Неден басталды?

Еске сала кетейік, Мәскеу мен Брюссель арасындағы қарым-қатынас өткен жылы Навальныйдың улануынан бастап нашарлады. 2020 жылы қазан айында ЕО Кремль шенеуніктері мен ғылыми институттарға қарсы санкция енгізді. Олардың ішінде Путин әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Кириенко, ФСБ директоры Александр Бортинов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Андрей Ярин де бар.

Еуропарламент бұған дейін Путиннің айналасындағы олигархтарға қарсы санкция салуға, сондай-ақ "Солтүстік ағын-2" газ құбырын салуды тоқтатуды талап еткен.

Ал Навальныйдың өзі санкция шенеуніктер мен генералдарға емес, олардың есепшоттағы қаржысына санкция салынуы тиіс деп айтқан.

Қаңтарда саясаткердің серіктестері санкция енгізілуі керек нақты адамдардың аттарын атады. Тізімде "Путиннің әмияндары" (Әлішер Усманов және Роман Абрамович), сондай-ақ ВТБ басшысы Андрей Костин, тележүргізуші Владимир Соловьев және Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко болды.

Назар аударыңыз

Ақпан айының басында Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы хабарлады. Ол бұл туралы СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездесуден кейін айтты.

Өз кезегінде Лавров "егер санкциялар экономикаға қауіп төндіретін болса, Ресейдің ЕО-мен қарым-қатынасты бұзуға дайын" екенін мәлімдеді.

"Біз әлемнен оқшауланғымыз келмейді, бірақ оған дайын болуымыз керек. Бірлікті қаласаң – соғысқа дайындал",  - деді ол.