Ақтөбе облысы

Туған жерім - Мұғалжар

Мұғалжар жерінің тарихы мен шежіресі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұғалжар аймағы, соның ішінде Жем атауы Асан қайғының фольклор-жырларында да кездеседі. Жем өзенінің ежелгі атауы Шат болған деседі.

​Асан қайғының баласы Абат батырдың мінез-құлқы мен батырлығына риза болған Жәнібек хан бір күні оны ордасына шақырады. Бұл кезде Асан қайғы қазіргі Батыс Қазақстан обылсындағы Шыңғырлау өңінірін жайлап отыр екен. Абат жиналып, Жәнібек хан ордасына жол жүргелі жатқанда әкесі Асан қайғы «Хан не тілегің бар еді?» деп сұрай қалса, «Шаттың бойынан жаңа қоныс сұра» деп тапсырып, Шаттың қасиетін суреттеп жеткізеді.

Тарихта кейін Асан қайғының Мұғалжар аймағын, яғни Жем бойын жайлағаны туралы дерек бар. Абаттың тілегін екі етпей, сұрағаның берген соң, Асан қайғы жұрты Жем бойына көшеді. Бау бақшасы сыңсыған,балығы тайдай тулаған ырысты өлкені Асан қайғы Жем деп атайды.

Ең алғаш Асан қайғы бабамыз Жерұйықты іздеп, Желмаясын желдіртіп жүргенде көзмоншақтай сүзіліп, сылқым судай сызылып алдынан шыққан алапат ағысты көріп, асқақтапты да, «бұл өзі малға да,жан ға да, жайлы жер екен, жер емес-ау тіршіліктің төрі екен, олай болса бұл өзеннің аты Жем болсын, етек-жеңі кең болсын, еркектері ер болсын, қыз-қырқыны тең болсын» депті де, « тұп-тұнық болып түзіліп, қыз көшіндей тізіліп тұрған өзенді бірінші рет көруім» деп көңілі толыпты.

«Бұл өзеннің суы малға да жем, жанға да жем,осы өзеннің суын ішкен семіздіктен жүре алмай жатып қалады, осы өзеннің суын ішкен асаулық пен асқақтықтан тасып та толады» деген көрінеді. «Жемде кеңес қылмадың» деп Жәнібек ханға өкініш білдіргені де осыдан болса керек

​Негізі қазақ ұлттық ойындарының дені спорттық сипатқа ие. Соның ішінде күрес, аударыспақ, арқан тартыс, теңге ілу, бәйге, көкпар, қыз қуу, тоғыз құмалақ тағы да басқа көптеген ойындардың халық салт-дәстүрінде алар өзіндік орны бар.

Елдің нар тұлғалы түйе палуандары, желмен жарысқан желаяқтары, асаудың құлағында ойнаған шабандоздары, тұяқтыны бір қолымен еңгеріп әкетер білектілері талай аңызға арқау болған еді. Ең алғаш облысымзда 1924 жылы спорт ұйымдарын құру шаралары басталды. Осы кезден бастап мектептерде дене тәрбиесі сабағы енгізіле бастады. Сондай-ақ, Қандыағаш, Ембі теміржолшыларының тұңғыш дене тәрбиесі ұйымдары ашылды.

Қаныағаш пен Ембі қалаларында екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 22 түрінен 1271 шәкірт спорттық білім ала бастады. Аудан бойынша қол добынан екі чемпионымыз бар. Олар – Ж.Ошақбаев пен А.Бейсенбаев. Сондай-ақ, футбол, волейбол, ауыр атлетика, дзюдодан бірнеше әлем чемпионары бар. Олар – біздің аудан мен обылысымыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы.

Сондай ақ спортпен қатар мәдениет пен әдебиет саласында да өлшеусіз еңбек етіп, өшпес із қалдырған қайраткерлеріміз жетерлік. Негізінде XX ғасырда қазақ әдебиеті жаңа дәуір белесіне көтерілді. Тұңғыш рет қазақ тілінде кітап бастыру ісі басталды, мерзімді баспасөз пайда болды. Бұл қазақ даласында сауаттандыру ісі басталған кезең болатын, сондықтан халық арасынан шыққан көкірегі ояу азаматтардың саны көп болды. Ауыл мектептерінде білім алған балалар оқу іздеп, Орынбор, Қазан, Уфа, Мәскеу сынды Ресейдің озық ойлы қалаларында білімін толықтырды. Олардың қатарында Орынбордың танымал медресесінде білім алған жерлесіміз Қ.Жұбанов та бар болатын.

Қ.Жұбанов оқу орның бітіргеннен кейін туған өлкесіне келіп,уездік халық ағарту бөлімінде жұмыс жасайды.Осы жерде талапты мен талабы бар балалардың басын біріктіріп, «Ай» қолжазба журналын шығарады. Кейін Мұғалжарлық Ж.Тілепбергеновпен бірлесіп, оқытушылар даярлайтын курс ашып, уезде қазақ балалары үшін сауат ашу мектептерінің қатарының қомақты болуына үлес қосты. Кейін осы өңірде бірнеше газет-журналдар шығарып, түрлі тақырыпта мақалалар жазып тұрды. Қ.Жұбанов Мұғалжар ауданының дамуына ғана емес, жалпы қазақ елінің, Қазақстанның дамуына үлес қосты. Қазіргі таңда облысымзда Қ.Жұбанов атындағы ​жоғарғы оқу орны бар. Бұл ұрпақтарының ұлы тұлғаға айтқан алғысы, шексіз ризашылығы деп білемін.​

Ән күйлері көшпеі тұрмыс құрған ұлы тұлғаларды еншіге алып, меншіктеудің еш реті жоқ. Менің білетінім,ел серілері жыршы-термешілері аймақтық әлде аудандық шекара дегенді білмейтін көшпелі халықты ат үстінде аралап жүріп, қолдауына ие болған. Қазақ халқының ұлы перзенті Құрманғазының табаны Мұғалжар жеріне де тиген дерек бар. Атақты Маңғыстаулық күйші Есір Айшуақұлы Ойыл жәрмеңкесіне барып, сол жолы Жем аймағын жайлап елде жүрген Құрманғазыны көріп, қасында болып, күйші өнеріне тәнті болған деседі.

Қорыта айтқанда киелі өлкемізден ел басқарған хандар да,жер қорғаған батырлар да, екі ауыз сөзімен қан майданды тоқтанқан шешен билер де, әдеби, мәдени қайраткерлер де шыққан. Әлі талай шығады да. Қазіргі таңда шежірелі өлкеміз күн санап көркейіп, өте күшті қарқыңмен дамып, халықтың әлеуметтік, мәдени, рухани дәрежесі  шарықтап келеді. Біз өз туған өлкемізді құрметтеп, шын жүректен қастерлеп, қадірлейміз, көзіміздің қарашығындай сақтаймыз.