Білім және ғылым
Ахаңдай ер қайда
"Сөзбен соққылау", "даттай отыра қайрау", "сүбелі көздер". Бұл тіркестерді естімеген құлақ көп. Көбі астарлы уытты сөзің байыбына бармай, сезім тінін таппайды.
Қараша қазақтың қара түнек әлеміне білім шамшырағын әкелген, өз заманының озық ойлы дара тұлғасы Ахмет Байтұрсынов сөз маржандарын жіпке тізуде ең үздігі һәм биігі. Саналы ғұмырында салиқалы ғұмыр кешкен жарық шамдай Ахаңның (Ахмет Байтұрсынов) қайсыбір еңбегін алып қарасаң да, қазақи намыс мен өршіл рухты көреміз.
Бүгінгі көрер көзбен, түйер көкейге "Айқап" журналының 1911 жылғы №2 санында жарияланған асылдың өзі жазған "Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәніне сүбелі сөздермен ашпақпыз.
Көптің назарын аударған Ахмет Байтұрсыновтың дәл осы мақаласының негізгі айшықты мәні – қазаққа сөзбен соққы жасау, яқи қазақты даттай отыра қайрау. Көпшіл қауым мақаладағы "автор қазақтарды надан халыққа теңеп, орынсыз өкпесін тізімдеп өз ұлтын кемсітуде" деп жансақ пікір қалыптастырмас үшін, сол бір мақаланың шығуының себепкерлерін айтайық.
Сұрапыл заман. Ресейдің өрмегі қазақты тұншықтырып барады. Байғұс қазақ сол орам ішінде тағдырына көнді. Өнерден мақұрым қалып, қарынды қарынды ғана ойлайтындар шықты. Осыны көріп отырған асыл Ахаңа ашу мен ыза жиналды.
"Атадан қалған мирастың жайы мағлұм. Балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұрттан ғылым, өнер кем. Бәрі қарайлас тең заманда қазақ та қалт-құлт етіп, өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан", - дейді Ақаң.
Келер болашақ ұрпаққа не қалдырар жері, не қалдырар өнері, не қалдырар тілі болмағанын айтып сөзбен соққы жасайды.
Мұндағы мақсаты халықты кемсіту я болмаса ұлтты төмендету емес. Бұл жердегі басты мақсат – өз халқына рух пен демеу беру. Даттап кем-кетігін айта отыра қайрау. Қазақтың қара баласының ішінде тұнып жатқан елге деген махаббатты, ілім-білімге деген ілтипатты ояту.
Әйтпегенде Ахаңдай дана Қорқытты, Бұқар Жырауды, Ақтамбердіні, Қасымды, Сырымды, Қазыбекті, Төле менен Әйтекені білмейді деймісіз. Осылардың барлығы қараң қалған жұрттың намысын ояту мақсатта еді.
"Естекті жерден жұрдай ғып түбіне жеткен надандық пен жалқаулық. Шай, шекер, шүберектей болмашы нәрсеге сатып, естектер жерін тауысты", - дейді Ахаң.
Надандық пен жалқаулықтың қазаққа кенедей жабысқанын, одан құтылуға қазақтың да ниетті емес екенін айтады.
"Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұлтиғаннан ештеңе өнбейді. Іс оңғы басарлық қылығың жоқ. Амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма. Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Осы жолдардада автор «»өз қайғыңа сенен өзге кінәлі емес" дегенді меңзеп алға ұмтылып жатқан жұмыр бастының жоқ екенін айтады.
Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты. Сонда да, соны ғылым өнерден артық көреміз.
"Аллаңнан ойбайым тыныш" дейтін қазақ ғылымыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар? Осы жердеде ызалы Ахаң бейнесі қаралы жұртын сөзбен атқылауда. Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ", - дейді тағы Ақаң.
Осылай Ахаңның өз қазағының бос өкпешілдігін айтып, сөзбен соққылап, даттай отыра қайрауының бір ғана мақсаты бар. Ол өзінің жұртының надандықтан арылып, өнер мен білімге де назар аударып қазақта сауатты, көкірегі ояу азаматтарының молаюын қалайды.
Ол қазақтың өз жерінде емін еркін төселіп жатқанын қалады. Ол намысы бар, ары биік жастардың молайғанын қалайды. Ол қазақтардың тек ет жеп, жауласудан бөлек рухани дамығанын қалайды. Ол өзінің елінің болашағы жарқын болғанын, бұрынғы жіпке қайта шалынбауын қалайды. Ол қазақтың кемелді өмір сүргенін қалайды және дәл осы үшін шыр-пыр етіп мақала жазуда. Кем дегенде бір қазақ көкейіне түйсінші деп, надан қазақтан арландай қазаққа өзгерейік деп шырылдауда.
Бейғам ажалын күтіп жүрген қазақтардың көкірек көздерін ашып, нағыз қазақтың рухын оятуда. "Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәніде осында,сорлы қазақты уытты сөзбен шағу, даттай отырып қайрау!
Егерде Ахаңдай тұлғалар сөзбен бізді шақпағанда қазір кешегі жантақтың күйін кешерме едік! Осындай елді рухтандырар белді азаматтарымыздың болуын мақсан ете білуіміз керек!