Bugin

Мұхамеджан Сералин мен Ахмет Байтұрсынұлыны араз болған ба?

Қазақ баспасөзінің алғашқы саңлақтары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ баспасөздері, басылымдарының көне тарихына зер салып, көз жүгіртіп өтер болсақ, «Айқаптың» тұңғыш журалы екенін бәріміз жақсы білеміз. «Қазақ» газеті де ел тарихындағы тұңғыш жарияланғаны жалпақ жұртқа мәлім.

Екі басылым да өздерінің өзектілігін әлі күнге жоймай, ел санасында мықтап сақталған. Онда көтерілген кей мәселелер бүгінге күнге дейін сақталып, ұрпақтан ұрпаққа тарап келеді. Қос басылымды да елінің ертеңі үшін қылқаламға жан бітіріп, жұрты десе жүрегін жұлып беруден тайынбайтын, нағыз азаматтар басқарған болатын.

Журналдың редакторы – қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, Мұхамеджан Сералин болса, ал «Қазақ» газеті, Ахмет Байтұрсынұлының басқаруымен жүзеге асырылды. Бірақ екі басылымның кей – кезде қарама – қайшылыққа кезіккен тұстары да жоқ емес. Көпшілік істің байыбына бармай жатып, қос басшының арасында өзара араздық туындады деп, жалған ақпарат таратып, бұрмалап жүргендер де жоқ емес.

М.Сералин мен А.Байтұрсынов араз болғаны қаншалықты рас? Екі азаматты да қазақ елі төбесіне көтеріп, ұлықтайтындары жасырын емес. Олай болса, оларды жау деуге де ауызың бармайды. Көпшіліктің арасында әлі күнге талқыға түскен мәселені болашақ журналист ретінде мен зерттеуді жөн көрдім.

«Айқап» пен «Қазақтың» айтысқандығын Бейімбет Майлиннің мына сөздерінен де аңғаруға болады: «Енді келейік, «Айқап» пен «Қазақ» арасына. Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі».

Ал енді қайшылықтың неден туындағанын анықтап көрейік... «Айқап» журналы елінің көзі ашылып, білімге ұмтылғанын қалап, отырықшылдықты жөн деп санайды. Мұның түпкі санасында ел азаматтары егін егіп, шаруамен айналысып, ілім – білімге ұмтылса екен деген көзқарасы. Ал «Қазақ» газеті бұл пікірге қарсы шығып, өздерінің болжамдарын ұсынған.

Ол тіпті мақала үзінділерінен де байқалған: «Қазақтардың адамдарының санын қосып санап, үйлерінің санына бөлгенде, яғни орта санын алғанда үй басына алты жаннан келеді. Оның үшеуі еркек, үшеуі əйел болады. Мал нормасымен жан басына 15 десятинадан беретін жерден егін нормасымен ер басына ғана 15 десятинадан жер береді. Қысқасын айтқанда, мал нормасының жері егін нормасының жерінен екі есе көп болмақшы. Мəселен, егін нормасымен 3 еркекке 15 десятинадан санағанда үй басына 45 десятинадан келсе, мал нормасымен еркек-əйелі бар жан басына 15 десятинадан санағанда үй басына 90 десятина келмекші. 45 көп пе, 90 көп пе?» деп сұрақ жолдау арқылы өздерінің пікірі оң екенін түсіндіргісі келеді.

Олар ата-бабамыздан жеткен жерлерді Ресей патшалығы талан-таражыға салып, өздеріне иемденіп ала ма деп қауіптенген болатын. Өкінішке орай, бұл болжам расталып, отаршылқықа көшкен соң қарапайым халыққа кішігірім ғана жерлер беріліп, құнарлы, ауқымды бөлікті патшалық өз иеліктеріне тартып алды. Алайда осы орайда «Айқап» журналы туралы теріс пікір қалыптастырмаған жөн. Себебі, олар да өз кезегінде елінің жақсы тұрмыс кешуін көксеген болатын. Қараңғы халық білімге, шаруаға ұмтылса екен деген ниетпен, елінің заманауи дәрежеде көтерілгенін көксеп, отаршылдыққа көшуді осы мақсатта қолдаған болатын.

Айта кетейік, екі басылым да бір-біріне қарама-қайшылық туындаса да, үнемі бір – бірінің шашбауын көтеріп, қолдап отырған. Оған дәлел, «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 148-санында «Айқап тоқталуы» деген мақаланың жариялануы. Онда қазақтың үмітіне айналған жалғыз журналдың тоқтап қалғанына қапа білдіріп, қам жегенін аңғартқан.

Оларда жеке бас араздығы орын алған жоқ, тек көтерген мәселелерінде келіспеушіліктер туындап, екеуі де ұлт болашағы үшін қам жеген азаматтар еді. Қорытындылай келе, бар айтарым, екі баспасөз де ел тарихында ойып тұрып орын алатын салмақты басылымдар.

Қазіргі бейбіт заманға жетуімізге бірден бір себеп болған, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға» жетуімізге себеп болған ұлтының қамын жеген, ел шындығын, мұңын арқалаған екі баспа жетекшілеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Оқи отырыңыз

ХХ ғасырдағы баспасөз: "Қазақ" пен "Айқап" неге айтысқан?