Құқық
Қазақта ерте кезде бірін-бірі сүйген қыз бен жігіт қосылу үшін алып қашу әдісін қолданатын болған.Ол дәуірдің дала заңына сәйкес, табалдырық аттаған қыз сол үйден қайта шықпаған
Ал бүгін ше?
Қыз алып қашу туралы қоғам арасында түрлі пікір бар. Бірі бұл біздің ата дәстүріміз десе, екіншісі қылмыс, адам бостандығына қол сұғушылық деп жатады.
Ал заң тұрғысында бұл қылмыс па?
Қыз алып қашу екі тарап арасында келісім болған жағдайда бұл қылмыс емес.
Ал келісімсіз алып қашу – нағыз қылмыс!
Біріншіден, ҚР Конституциясының 16- бап 1 тармағына сәйкес "Әркімнің жеке басының бостандығына құқығы бар"
Екіншіден, ҚР Қылмыстық Кодексінің 125-бап 1пунктіне сәйкес адамды еркінен тыс алып қашу "Адам ұрлау" болып табылады.
Сондай-ақ 4 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыр жазасы тағайындалады.
Ал егер бұл тұрғыда жалғыз азамат емес, бірнеше адам бірігу арқылы алып қашқан немесе жеңгетайлық болған жағдайда жаза одан әрі ауырлай түспек.
Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, қыз алып қашу қылмысы жоғары деңгейде тіркелмеген. Басты себеп – қазақ қыздарының заң тұрғысынан өз құқығын білмеуі мен "Ұят болады"синдромы.
Өткен дәуірдің өткелдерінде келісімсіз алып қашу тек салт болып келді ,ал осы дәуірдің екпініне құлақ түрсек бұл – ауыр қылмыс екенін қайталаймыз.
Еңсемізді жиып нағыз демократияның дәстүрін ұлықтайтын заман жетті. Заманды қалыптастыратын адамдар мұндай заңсыздыққа бой алдырмау қажет. Ешкімді ешбірі еркінсіз алып қашуға құқығы жоқ.