Әлем жаңалықтары

Түрік басылымы Түркияның Қазақстанмен жақындасуының шартын айтты

Латынға көшу арқылы көптеген саяси мәселелер шешіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның ең ірі ақпарат агенттігі Anadolu Ajansı Қазақстан кириллицадан бас тартқан кезде, Түркиямен және басқа да түрік тілдес мемлекеттермен қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілетініне сенімді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Олар да КСРО-ның басқа елдері сияқты 1940 жылдан бастап кириллицаны қолданады. Ал 2017 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа қол қойды. Кейіннен Ұлттық комиссия құрылып, ел бойынша латынға көшу жұмыстары жүргізіле бастады» деп жазады басылым.

Содан бері 4 жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде көшелер мен дүкендердің атаулары латын қарпіне ауыса бастады. Одан бөлек көптеген үлкен жобалар да жасалды. Бастапқы нұсқада апострофтар кеңінен қолданылған еді. Оны сарапшылар да, қоғам да өте көп сынға алды.  

2021 жылы Қазақстан өзінің 30 жылдығын атап өтетініне орай, 31 символдан тұратын әліпбидің түпнұсқасын ұсынады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин айтты.

Anadolu тілшісіне депутат Мұрат Бақтиярұлы әліпби бойынша 3 мыңға жуық сарапшы жұмыс істегенін, түркі тілдес мемлекеттердің тәжірибесі де ескерілгенін айтты. Комиссия құрамында сондай-ақ Түркия, Татарстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген лингвистер жұмыс істеген.

«Көбі латынға ауысу арқылы біздің мәдени мұраларымыз жоғалып кетуі мүмкін деп ойлайды. Бірақ ХХI ғасырдағы дамыған технологиялардың арқасында олай болуы екіталай. Елдің кириллициадан латынға көшуі саяси тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Бұл халық арасында қазақ тілінің кеңінен таралуына үлкен септігін тигізеді» деп жазды Бақтиярұлы.

Ал әліпби жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарлығаш Құрманғалиқызының пікірінше, жаңа қазақ әліпбиі туыс мемлекеттер арасындағы интеграцияны күшейтуде маңызды рөл атқарады.

Еске сала кетейік, елімізде латын әліпбиіне көшу 2023 жылы басталады.