Білім және ғылым
Білім әрқашан сынақпен өлшенеді. Онсыз білімді білім деп айта алмас едік. Жас түлектердің алдында үлкен сынақ бар. Ол – Ұлттық біріңғай тестілеуден сүрінбей өту. ҰБТ тапсырып, жоғарғы оқу орындарына түсу – кез келген талапкердің мақсаты. Сондықтан ҰБТ туралы ақпараттан хабардар болу да маңызды саналады. Ендеше, Ұлттық біріңғай тестілеу туралы жарияланған ақпаратқа зер салайық
ҰБТ – қазіргі уақыттағы түлектер үшін маңызды әрі айтулы мәселелердің бірі. Биылғы жылдан бастап ҰБТ электронды форматқа өзгеретіні туралы ақпарат шыққан болатын. Яғни ҰБТ-ның дәстүрлі форматы биылғы жылдан бастап өзгереді және кейін де жалғасын табады. Осы ақпарат шыққалы бері оқушылар арасында ҰБТ қашан және қалай тапсырылатыны жөнінде көптеген сұрақ пайда болған болатын. Сол сұрақтардың жауабын бүгін Ұлттық біріңғай тестілеудің орталығының өз парақшасынан естідік.
Testcenter.kz сайтының инстаграм парақшасындағы жариялаған бүгінгі постында ҰБТ-ның наурыз айында 1 рет ақылы оқуға және 2 рет сәуір мен мамыр айында грантқа тапсыруға болатыны жайында пост жарияланды. Атап айтқанда, наурыз айындағы Ұлттық біріңғай тестілеу форматы электронды түрде болады және қатысу құны 2242 теңгені құрайды. Ал сәуір мен мамыр айларында тапсыратын Ұлттық біріңғай тестілеудің грантқа арналған сынағын 2 рет тегін тапсыруға мүмкіндік бар. Арасында ешқандай шектеулер болмайтыны туралы да айтылды. Жас талапкер тестілеудің сертификаттарының біреуін шілде айында болатын конкурсқа жібереді. Қысқаша айтқанда, биылғы жылдан астап ҰБТ-ны 3 рет тапсыруға: оның ішінде 1 рет ақылы бөлімге және 2 рет грантқа тапсыруға мүмкіндік бар.
ҰБТ – біздің үлкен өмірге қадам басуымыздағы ең үлкен сынықтардың бірі. Бұл сынақтан сүрінбей өту үшін біліммен қатар төзімділік те керек. Биылғы жылғы мүмкіндіктермен жас талапкерлердің ҰБТ-дан жоғары көрсеткіштерге жетіп қана қоймай, өздері қалаған оқу орындары мен мамандықтарын таңдай алатынына сенімдімін. Сәттілік, жас талапкер!