Bugin
Жеделхат жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.
Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді", - деп жазды Берік Уәли.
Оқи отырыңыз
Бердібек Сапарбаев: Ажал құшқан 5 баланың отбасына қайғыра көңіл айтамын