Bugin
Қазақ елінің көкейкесті мәселелері
Өз дәуірінде өмір сүрген қазақ зиялылары, қазақ елінің көкейкесті мәселелерін саралаған. Ой толғаған тұғырлы тұлғалардың ұлттық және ағартушылық идеялары насихаттаудағы еңбектеріне күллі түрткі әлемі қызығушылық танытып, әр ұлттың өз жолын таңдауға еріксіз жігерлендірген жағдай болды.
Елдегі болып жатқан қиын хал-ахуалға асқан сергектікпен қарап, халықты сақтап қалудың жолдарын іздестірген халық жүрегіне жақын ерекше тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынов болды. Оның «Қазақтың өкпесі» атты мақаласы «Айқап» журналында жарық көріп, жарияланады. Ахмет Байтұрсыновтың барлық өлеңдері мен мақалаларының өз ерекшелігі мен қарапайымдылығы бар.
Мағыналары түсінікті әрі ішкі мазмұны біркелкі болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақтың өкпесі" мақаласында негізгі ойлар қозғалған. Мақала барысында қазақ елінің саяси-әлеуметтік мәселелері, жер мәселесі, шаруашылық жағдайы, оқу-ағарту, әдебиет пен мәдениетке арналған ойлары жазылған.
Бұл мақала арқылы, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, бақылап, шолу жасап, кейбір күттірмейтін жайттарды дер кезінде жазып, елді қауіп-қатерден сақтандырып отырды, яғни сол кезеңдегі тосын құбылыстар мен өтпелі кезеңдердегі оқиғаларды айтып отырған. Сонымен қатар ол Ресейдің отаршылдық саясатын әшкерелеп, қазақ даласының сыртқы - ішкі жағдайын үнемі назарда ұстады, халықаралық байланыстармен елді таныстырып, қабылдап отырды.
Мақалада қазақ халқының әрнәрсеге өкпелеп, пайда болған тосқауылға төтеп бере алмайтындығына күйінеді. Лайсаң заманда заң мен жолдың жоқтығы әркімді қапаландырды. Уайымға салынып, жұртының қамын ойлаған Ахмет Байтұрсынов бұл мақала арқылы қазақ халқының сол кезеңіндегі көкейтесті мәселелерін ашып берді.
«Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз Ахмет – ақ еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арларын сатып ұлықтып іздеп жүргенде Ахмет қазақ ұлтына аямай қызметтерін қылды» деп Сәкен Сейфуллин жазып шығарған.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» жайлы мақаласы ғылым мен өнердің ең маңызды екенін және Қазақ жерінің киелі екенін жеткізгісі келген. Осы мақала арқылы көп қазақтың көзі ашылып, санасы оянғаны сөзсіз. Жүріп өткен қилы жолда данышпандар білімін, азаматтар қайратын ұлты мен жері үшін аянбай еңбек етті. Халықтың мұң – мұқтажын терең түсініп, қазақ қоғамында қалыптасқан күрмеуі қиын мәселелерді шешуге тырысып бақты.