Мұрағат

"Айқап" пен "Қазақ" неге айтысқан?

Газет - тарихтың алғашқы жобасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өзінің саяси қызметінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды басты қорғау деп санады. Ол отаршылдық құлдықтан босату үшін, тәуелсіздік үшін күресте өз халқына көмектесуге тырысты. Әр халықтың жеке басының бостандығына құқығы сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар үшін күрескен.

Ал оның басты қағидасы сауат ашу болды. Қазақтар бұл істі ХХ ғасырдың басында ғана қолға алған. Қазақтың алғашқы мерзімді басылымдарының пайда болуы мәдениеттің дамуындағы түбегейлі бетбұрысқа алып келді. Өздеріңіз білетіндей, бірде-бір ел журналистикасыз, мерзімді баспасөзсіз өмір сүре алмайды. Журналистикасы жоқ ел өз шежіресі жоқ, тарихи жады жоқ ел деп түсінемін. Себебі баспасөзсіз халық саңырау немесе соқыр.

Ұлттық мерзімді баспасөздің пайда болуы-сол кездегі қазақ халқының алдыңғы қатарлы ұлдары Мұхамеджан Сералиннің, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және т.б. жанашырларымыздың еңбегі. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықты саяси ағарту үшін ондағы білімге деген ұмтылысты ояту, сауатсыздықты жеңу қажеттігін түсінді. "Қазақ", "Қазақстан" Ұлттық газеттерінің беттерінен, "Айқап", "Сары-Арқа", "Абай" және т. б. журналдардан алғашқы қадамдарды көреміз.

Жастардың саяси санасының қалыптасуына "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті үлкен ықпал етті. Бұл газеттердің түпкі мақсаты бірдей болды. Яғни, елім, жерім деп халықының бостандығын көздеген басылымдар. Алайда, "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің позициялары әрдайым сәйкес келе бермеді. Қос басылымның түсініспеушіліктерінің себебі неде? Неліктен өзара айтысқан? Ендеше, басылымдар арасын араздатқан міселелерге тоқталсақ...

Жер мәселесі

1906 жылы Стольпиннің аграрлық реформасы жарияланды. Тәуелсіз қазақ жұрты үшін тәуелді болу ауыр соққыға алып келген болатын. Жападай жетім қалған қазақтардың алдыда не істерін, қалай күн көретінін уайымдап, аңырап қалды. Осы тұста қазақ жұртына үндеу айтып, қағаз беттеріне біршама мақалалар жарық көрген болатын. Адасып қалған халқын тура жолға салуға қос баспасөз де тырысты. Алайда "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің айтары қазақтарды күйзеліске алып келді. Себебі, осы тұста екеуінің де айтары бір-біріне қарама-қайшы болды. Бірі ата-бабамыздан мирас қалған көшпелі мал шаруашығын жақтаса, бірі көшпеліліктен бас тартып, қазақтарға бөлінген десятина жерлерді отырықшылыққа пайдаланғандарын ұсынды. Осы жер мәселесінде "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің жолы екіге бөлінді.

Міне, осылайша "Айқап" пен "Қазақ" арасындағы алғашқы көзқарас, ұстаным қайшылығы орын алған. Бірақ бұл қос басылым ұстанымдарындағы жалғыз қайшылық емес. Бұнымен қоса олардың басқосу (съезд) өткізуге және әліпби таңдауға келгенде де пікірлері екіге жарылған.

Әліпби мәселесі

"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады", - деп Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөзінен бастағым келіп отыр. Бұл сөздердің мағынасы, сол заманның дәуірінде болған қазақтың мәселесін айқындап отыр. Осы тұста тәуелсіз атануымыздың тағы бір жолы, қазақ әліпбиі екенін түсінген жазушы, бірден оның шығарылып, шығуына лезде жұмыстарын жүргізеді. Бірақ, бұл әліпбиге де қарсы болғандар бар. Екі басылымның арасындағы тағы бір түсініспеушілікке алып келді. Расында, бұл 42 әріп бірталай сынға ұшырап, "Айқап" журналының өкілдері қарсылықтарын білдірген болатын.

Алайда қандай мәселе, дау болмасын екі басылымдар да қазақтың жоғын жоқтап, ел атануына үлес қосып, қолынан келгендерін аямады. "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті қанша айтысып, қанша дауласса да елдің қамын ойлағандар еді. Бірақ, екеуі екі түрлі жолды қолай көрді. Осы мәселелерге келгенде Алаштанушы ғалым Қайрат Сақ былай дейді: "Кезінде қалың қазақ еліне көздің ағы мен қарасындай қатар қызмет еткен бұл екі басылымды біріне-бірін қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды. Рас, кейбір мәселелерде пікір алалығы кездеспей қалмаған. Бірақ, ол мақсат бөтендігінен емес, соған жетуде ұстанған жолдардың әртүрлілігінен туындап отырған деуімізге толық негіз бар", - деген екен.

Сондықтан біз бұл "екі басылымды өзара араздасып, кекеткен" деген пікірден аулақ болуымыз керек. Себебі  екеуінің де түпкі мақсаты бір болғанын жадымызда сақтайық.