Ойындар
Балаларды өз-өздерінен де қорғау керек
2018 жылы жүргізілген зерттеулер бойынша он баланың жетеуі компьютер ойындарына құмар. Орташа есеппен студенттер мен оқушылар аптасына аз дегенде алты сағатты компьютер ойындарымен, тәуліктің 3/1 кейде одан көп уақытын ұялы телефон ойындарына жұмсайды. Бұл ойындардың жартысының көбі кісі өлтіру мен басқа да зорлық-зомбылыққа толы.
Соңғы бірнеше онжылдықта психологтар мен әлеуметтанушылар теледидар экранындағы зорлық-зомбылық пен нақты өмірдегі агрессивтілік байланысты нақты сипаттауға тырысып, мыңнан астам зерттеулер жүргізді. Бүгінгі таңда мынандай қорытынды жасалды. Теледидар, фильмдер және агрессивті музыка жастар қылмысының шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді.
Компьютерлік ойындар арасында көпшіліктің наразылығын тудырған және тыйым салынған ойын түрлері көп.Солардың топ 5 түрі:
Manhunt
Бұл ойынның тарихтағы ең қатал компьютерлік ойын деген атағы бар. Белгісіз бас кейіпкер тірі қалу ойынына қатысады. Қорқынышты қаланың ішінде жүріп, аңшыларды өлтіреді. Қайғыға толы ойын белгілі кейіпкерлерді өлтіріп (аттарын жариялауға болмайды делінген) бөтелкелерге қандарын құяды. Ойында колонкалардан жылаған, ауырсынғаннан айқайлаған дыбыстар естіледі.
Негізінен, сыншылар жақсы қабылдаған ойын зорлық-зомбылықтың көптігіне байланысты бірнеше елде тыйым салынды. Ойын кісі өлтіруді қоздырды деп айыпталды және оны жиі ойнаған балалар кейбір кісі өлтіру істеріне кінәлі деп айыпталған.
LineAge
1998 жылы Оңтүстік Кореяда пайда болған бұл ойынның жыл өте келе жаңа нұсқалары пайда болуда. Бұл ойынтәуелділікті тудырады. Ойыншы ойынды бастау үшін бірнеше нәсілдерден кейіпкерді таңдайды, содан кейін бірінен кейін бірі пайда болған ойын стратегиясындағы құбылыстар, мидың тез шаршауына әкеледі. Ойын қиялға негізделген. Құдайлар соғысынан зардап шеккен тұрғындар өздерінің өмірі мен әл-ауқаты үшін үнемі күресуге мәжбүр. Жеке кейіпкері арқылы виртуалды ақша жинайды. Көптеген студенттер оқуды толығымен тастап, кейіпкерге ақша жинап, кейін аккаунттарын сатып, ойынды қайта бастаған.
2003 жылы екінші таныстырылымы өткен бұл ойын 2011 жылдан бастап америкалық кейбір ойын серверлерде себепсіз өшіріле бастаған.
Silent Hill
Үш түрлі сериясымен қатар шыққан бұл ойын теріс эмоциялар ең күшті психоэнергетикалық әлеуетке ие. Мұндай психоэнергиялық ерекшелігі - адам санасына тез сіңіп кетуі. Ойын барысында "Силент Хилл" қаласы ондаған жылдар бойы әртүрлі себептермен көптеген адамдардың азап шегіп, қайтыс болуына байланысты. Ойын психологияға әсер етуімен қауіпті және ойында көптеген қауіпті істерге сілтеме бар. Ойындағы қорқыныштар шынайлыққа негізделген және дыбыстар, музыкалар, визуалды эффектілері әртүрлі, бұл мидың шаршауына әкеледі. Қауіптілігі жайлы нақты ақпарат болмаса да ойын наразылық тудырған.
Postal
"Мағынасыз қатыгездік" - осы екі сөзбен сюжетті де, ойынның жалпы өзін де сипаттауға болады. Шын мәнінде, Postal сериялары адам өлтіруді үйрететін секілді. Онда ойыншы басқаларға, тіпті бандиттерге, балаларға, иттерге де аяушылық білдірмеуі керек. Ойында мағынасыз деп есетептеген жағдайда өз-өзін өлтіруге де болады.
GTA (Grand Theft Auto)
Компьютерлік ойындар арасындағы ең танымал ойын. Бірақ күрделі және қауіпті криминалдық әлем бейнеленген. Банктерді тонау, адамдарды өлтіру және көліктерді ұрлау. Бұл ойын Тайланд, Малазия, Австралия және Бразилия елдерінде тыйым салынған. Себебі бұл елдерде балалар суық қаруларды көшеге шығарып ойынды жалғастырмақшы болған.
Жастардың психикасына арналған компьютерлік ойындардың қауіптілігі туралы мәселе әлі анық болмаса да, Еуропалық Одақ елдеріндегі компьютерлік ойын өндірушілерінің көпшілігін біріктіретін Еуропалық интерактивті бағдарламалық жасақтама 2003 жылдың сәуірінен бастап өз одақтастарына ойын қораптарына ескерту белгілерін қоюға міндеттеді. Балаларды сыртқы күштерден ғана емес, өз-өзінен де қорғау керек сияқты.