МӘДЕНИЕТ
Финляндия әскери академиясында Бауыржан Момышұлының соғыс тактикасын оқытқан
207 рет жауға қарсы шығып 5 мәрте жау қоршауында, екі рет өлім аузынан аман қалған Бауыржанның тактикасы қандай?
Бауыржанның соғыс өнерін көп жылдар бойы зертеген Ким Серікбаев өз мақаласында «Шайқас эпизодтары Александр Бектің «Волокаламск күрежолы» мен Б. Момышұлының «Артымызда Мәскеу» еңбектерінде жақсы сипатталған дейді.
Бауыржан, өзінің бір сұқбатында Бектің еңбегін Финляндия әскерлеріне арнаулы сабақ ретінде өткізгенін айтқан еді. Шет мемлекетті қызықтырған қандай тактика? Бізге «Бауыржан шиыршығы» атты термин көмекке келмек.
Бұл ұғымның негізі Б.Момышұлының қоршауды бұзып шығып, әскери қуаты басым күштерден шегіне отырып соғыс жүргізуімен тікелей байланысты. Батальон бас-көзсіз қашпаған, шегіне отырып ормандар мен төбелерді пайдаланып, жау колонналарына шиыршық сипатты тұтқиыл шабуылдар жасайды.
Бауыржан Момышұлы бұл тактика арқылы аз шығынмен тапсырманы артығынан орындап отырады.
Профессор Ким Серікбаев Момышұлының шегініп отырып соғысу тәсілін Кеңес үкіметінде бұрын-соңды болмаған жаңалық ретінде қарастырады. Рас, Кеңес үкіметі үшін мұның жаңалық екендігіне келісеміз, бірақ бұл тактика қазақ үшін таңсық дүние емес. Тарихқа үңілсек Бауыржан қолданған тактикамен Кенесары да шайқасқан.
Бұл жерде туындайтын бір-ақ сұрақ бар. Бауыржан Момышұлы ата-бабаларымыздың ғажайып соғыс өнерін о бастан білген бе, әлде, ежелден келе жатқан тактика туралы ақпарат оның қанында жан алып, жан беріскен соғыс барысында өздігінен оянды ма екен?