Мұрағат

Ахмет Байтұрсынұлы. "Қазақтың өкпесі"

Ахмет Байтұрсынов: «… газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ахмет Байтұрсынов: «… газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы «Қазақ өкпесі» атты мақаласының қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын айшықты мәнін барынша айқындап берді.  Аталған мақалада «… Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты өр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай келеміз… Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз… » Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсыновтың ойынша халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. Осыны ұққысы келмегендерге, халықты өркениетті елдер қатарына қоссам деп өзін-өзі азапқа салғанда сөз ұғып, жөнді жолға түсу былай тұрсын, оның өзіне қастандық жасап, абақтыға жаптырғандарды А.Байтұрсынов «көк есектерге теңеп, ашу-ызыға булықты. Осы мақалада  Ахмет Байтұрсынов қазақтың езілген, адасқан, тығырыққа кез келген хәлін барынша дәл көрсетті.