Weekend

Аспаптардың королі- фортепиано

Фортепиано жайлы қызықты мәліметтер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзінің ерекше үнімен адамдардың жүрегін жаулаған фортепиано XVIII ғасырдың басынан бастап жарық көрген. Содан бері көптеген музыканттар өз өмірлерін осы аспапқа арнады. Бір қарағаннан ойнау оңай көрінгенімен, расында олай емес. Бұл көптеген дағдыларды талап етеді. 

Қандай аспап түрі болмасын адамның оған деген үлкен сүйіспеншілігі мен қызығушылығы болуы қажет. Шын жүректен шыққан әуеннің өзінің басқаша сыңғырлаған сазын байқауға болады. Ең алғашқы пианино 1709 жылы музыкалық аспапатар жасайтын италияндық Бартоломео Кристофори жасады. Ол оны „клавищный инструмент” деп атады. Кейін ол сөз қысқарып „фортепиано” деп аталды. Ал қазір пианино деп аталып кетті. Бұл сөз „ громко-тихо” деген сөздерден алынған. Пианино ең алғаш Еуропада пайда болды. Бұл жағдай олардың мәдениетіне қатты әсер етті. Фортепиано өмірге келе бастаған шақта Еуропа классицизм дәуіріне көшіп жатқан болатын. Дәл осы кезде фортепиано аспабының саудасы қызып кетті. Ол барлық музыкалық жиындардың сәніне айналып, әр үйдің бір бұрышынан орын ала бастаған. Ал қазір фортепиано жайлы қызықты мәліметтер ұсынғым келеді: 1.Фортепианоның 70% -ы ағаштан тұрады, қалған бөлігі шойыннан, мысыннан, киізден және т.б. жасалған. Алғашқы кездерде осы аспаптың құрылысында піл сүйегін пайдаланған, қазір пластмассанаың көмегімен құрылады. 2. Зерттеулер бойынша фортепианода ойнайтын балалардың шыдамдылығы, ойлау қабілеті, және басқа да жұмыстарға үлгерімін жақсы болады деп қарастырған. 3. фортепианоны халық тек атақты орындардан ғана емес, кез келген музыкалық ортада тыңдауға мүмкіндік алды. Фортепианоның үнін есту үшін қарапайым жұрт қанша ақша төлеуге де дайын болды. Осының нәтижесінде фортепианоға арнап түрлі шығарма тудыру да қажет болды. 4. Кристофоридің үш түпнұсқа фортепианосы қазіргі күнге дейін сақталған: - 1720 жылғы фортепианосы қазір Нью Йорк қаласындағы Метрополитен мұражайында сақталған. - 1722 жылғы шыққан фортепиано Рим қаласындағы аспаптар мұражайында орналасқан. - 1726 жылғы жарық көрген фортепианосы Лейпцигский университетінде сақталып тұр. 5. Әлемдегі ең үлкен фортепиано концеттік рояль Challen сoncert grand, ұзындығы 3,3 метр, ал кернеуі 30 тоннадан асады. Фортепиано басқа аспаптар арасындағы ең негізгісі болып саналады. Бұған көптеген себептер бар, бірақ бастысы - құралдың ауқымы. Фортепиано оркестрдің барлық аспаптарын, бас бусиннің ең төменгі нотасынан пикколлалық флейтадағы ең жоғары нотаға дейін қамтиды.Бүгіндері фортепиано өз тұғырынан түскен емес. Тіпті көптеген адамдардың үйлерінің төрінен орын алған бұл аспаптың музыка тарихында алар орны тіпті айрықша. Фортепиано бізге дәл осы күнгідегідей үлгіде келе қойған жоқ. Оның фортепиано болып бітуіне дейінгі өзгерістері бізге нағыз ұлы аспапты алып келді.