Bugin
Қоғам ананың қайғысына ортақ әрі көмектесуге дайын
Жамбыл облысының Жаңатас қаласында үйі өртеніп, бес баласынан айырылып қара жамылған отбасына аймақ әкімдігі тарапынан үш бөлмелі пәтер берілді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жамбыл облысы әкімдігі зардап шеккен жанұяға жан-жақты материалдық, медициналық және психологиялық көмек көрсетуде. Айта кетсек, жергілікті атқарушы орган жерлеу рәсіміне кеткен шығынды өзі көтерді. Сондай-ақ, демеушілердің арқасында Жаңатас қаласынан үш пәтерлі үй берілді. Жергілікті кәсіпкерлер жиылып, үйге жиһаз бен тұрмыстық техника алды", - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен демеушілердің арқасында тағы 3 млн теңге қаржылай қолдау көрсетілді. Ал мемлекеттік қызметкерлер бір күндің еңбекақысын жинап берді.
Айта кеткен жөн, 19 ақпан күні Жаңатас қаласында қайғылы жағдай орын алған. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерінен өрт шығып, бес бірдей сәби өлім құшты. Оттан алып шыққанымен, ауруханаға жетпеді. Бүлдіршіннің үлкені – 6 жаста, еш кішісі – сегіз айлық.