Bugin
Бұған кәсіпкерлердің қатысы қанша
Еуропа елдерінің сыртқы істер министрлері 22 ақпан күні бас қосқан видеоконференцияда Ресей мен Қытайға қарсы жұмылу, күш біріктіру мәселесі қозғалды. Бұл жайлы ТАСС агенттігі хабарлады.
Еуроодақ елшісі Жозеп Боррельдің мәлімдеуінше, Еуропа елдері Ресейді қас дұшпаны көреді әрі оған қарсы бірігіп күш көрсетуге дайын. Бұған АҚШ үкіметі де келісіп отыр.
"Өкінішке қарай, біздің іске қарама-қарсы іс жасап, қарсылық көрсететін көршілермен кикілжің туғызбас үшін арнайы қатынас үлгісін құруымыз керек", - деп мәлімдеді Боррель.
Оның айтуынша, Ресей Еуропадан бөлініп, авторитарлы мемлекетке айналып барады.
"Ресей Еуропамен бірігуді емес, жауласуды ойлайды. Қасақана келіскісі келмей қырсығады. Бұл – көрініп тұрған дүние", - дейді елші.
Айта кеткен жөн, кеше Еуроодақ Ресейдің әскери және құпия қызмет басшыларына жеке-жеке санция салған еді. Одан бөлек, тағы бірнеше азаматты санкция тізіміне енгізген. Алайда олардың кім екені әлі белгісіз. Енді бұл азаматтар Еуропа елдеріне кіре алмайды.
Ал Боррель журналисттің "санкция неге бизнесмендерге салынған жоқ" деген сауалына ол үшін заңнамалық негіз керегін айтты.
"Біз Навальныйды ұстауға атсалысқан шенеуніктерге қарсы санкция жарияладық. Ал бұған бизнес өкілдерінің қатысы жоқ. Ол үшін жоғары заңнаманың негізі, себебі керек. Бізге ұнамайды екен деп, адамның бәріне санкция сала бермейміз ғой", - деп түсіндірді елші.