Bugin
Тұрып ұйықтайтын жануарлар мен ұшып ұйықтайтын құстардың барын білдіңіз бе?
1. Адам баласы өмірінің үштен бірін, яғни 25 жылын ұйқымен өткізеді. Ал жеті жылы "ұйықтап алсам..." деген ойға кетеді екен, бірақ ұйықтамайды. Ұйқыға деген қажеттілік жасқа байланысты өзгереді. Балалар күнделікті 10-12 сағат, жасөспірімдер 8-11, ересектер 7-8 және қариялар 6-7 сағат ұйықтау қажет. Жақсы ұйқы жұмыстың тиімді және өнімді болуына септігін тигізеді. Алайда бұл ұйқыны қандырып, төсектен тұрмай жатып алу деген сөз емес.
2. Давинчи, Франклин,Черчилль сынды ұлы адамдардың күнделікті ұйықтау режимі 2-4 сағат болған. Қысқа ұйқы олардың үлкен іс атқаруына кедергі болмады.
3. Жақсы ұйқы үшін бөлме температурасы маңызды рөл атқарады. Егер бөлме тым суық немесе тым ыстық болса, ұйқы бұзылады. Сондай-ақ, жағымсыз түстерді жиі көреді.
4. Кейбір ұлы жаңалықтар осы түс көру барысында ашылған. Мысалы, Менделеев өзінің ұлы жаңалығын ашпас бұрын түс көрген. Соның арқасында «Менделеев кестесін» жасаған. Мұндай жағдайлар ми күндіз қабылдаған ақпаратты ұйқы барысында өңдейтіндіктен болады.
5. Сондай-ақ, ұйқы барысында дене күтпеген жерден қозғалып, сілкінеді. Бұл мидың бұлшық етке жіберетін импульсінің әсерінен. Мұны гипнагогиялық шайқалу деп атайды.
6. Мидың ұйықтау кезінде бұлшық еттің барлығы жұмыс жасауын тоқтатады. Сондықтан, егер сіз түсіңізде жүгіріп жүрсеңіз, іс жүзінде қозғалмайсыз.
7. Бірақ ми көз бұлшық еттерінің жұмысын тоқтатпайды. Сондықтан олар ұйқы кезінде әрі-бері жылдам қозғалады. Олар мұны терең ұйқы фазасында жасайды. Бұл жылдам қозғалу фазасы деп аталады.
8. Омыртқа ұйықтап жатқанда босайды және созылады, демек сіз таңертең кешке қарағанда сәл ұзынырақ оянасыз.
9. Психологияда адамдар қалың жамылғының астында жақсы демалатыны дәлелденген. Жамылғыны құшақта жүйке жүйесін тыныштандырады.Ал адам денесі ашық жатқанда ыңғайсыздық пен осалдық сезімі пайда болады.
10. Оңтүстік кореялықтар мен жапондықтар – жерде әрі аз ұйықтайтын халық.
11. Жылқы мен зебра сияқты жануарлар тұрып ұйықтайды, бұл оларға кез-келген уақытта қауіптен құтылуға мүмкіндік береді. Кейбір құстар, оның ішінде альбатростар ұшып ұйықтай алады.
12. Дене ұйқы уақытында энергия жинайды. Егер сіздің ұйқыңыз нашарласа, дене тамақ арқылы энергияны толықтырады. Сондықтан ұйқының дұрыс болмауы көбіне артық салмаққа алып келеді.