Weekend
Нади Мурадтың басынан кешкен тағдыры
2018 жылғы халықаралық «Нобель» сыйлығын марапаттау рәсімі жалғасып жатыр. «Бейбітшілік» үшін жасаған ерен еңбектері үшін Денис Мукве мен Нади Мурад марапатталды.
Сыйлық иелелерінің көтерген мәселесі сексуалды-зорлыққа қарсы тұрумен негізделді. Аталған мәселе төңірегінде қос батырдың жасаған ерліктері ерен. Соғыс кезінде жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы тұра білген Денис Мукве мен Нади Мурад туралы не білеміз?
Зорлыққа қарсы күрес
Денис Мукве – дәрігер. 2018 жылғы Нобель сыйлығына ие болған дәрігер Конго демократиялық республикасына адал еңбек етіп, зорлық-зомбылққа қарсы күресумен өмірінің жарты бөлігін өткізген. Мыңдаған жәбірленушілерге көмектескен.
Мукве өзінің елінде ерлердің әйлердерге көрсеткен зорлық-зомбылғына қарсы бірнеше рет бас көтерген.
Ең қиын тағдырды бастан кешкен Нади Мурад, Ислам бірлестігінің әскерлерімен болған соғыста ирактан зорлық-зомбылыққа түскен 3000 әйелдің бірі болған. Қиындық көрген әйелдердің ішінен алғаш болып сөз алып, бас көтерген де сол еді.
Тар жол, тайғақ кешкен жерден қашып шыққан Мурад басынан кешкенін ашық түрде айтуға шешім қабылдады. 2016 жылы 23 жастағы қыз, БҰҰ-ның адам саудасымен айналысатын сұрақтар жөніндегі ерікті түрде елшісі болып тіркелді.