Bugin
Қосымша тек 6.17.0 жаңартуынан кейін қол жетімді
Google Translate мобильдік қосымшасында қазақ тіліне дыбыстық аударма қолжетімді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы App Store парақшасына сілтеп хабарлайды.
Google мен "Ұлттық аударма бюросы" қазақ тілін Voice-to-Text дыбыстық аударма жүйесіне енгізу туралы уағдаластыққа 2017 жылы қол жеткізді. Ал қазақ тіліне және қазақ тілінен мәтіндік аударма қосымшада 2014 жылдан бастап іске асып келеді. Енді Google Translate дыбыстық аударманы 71 тілден аудара алады.