МӘДЕНИЕТ

"Бүгінгі журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет"

Заманауи технология бұқаралық ақпарат көздеріне​ де жаңа жанрлар мен тенденциялар əкелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ​ ғасыр – ғылыми техникалық революцияның шарықтау шегіне жетіп, адамзат өркениетінің жаңа цифрлық деңгейге көтерілген кезеңі . Өткен ғасырдың соңында басталған жаhандану үрдісі əлем елдерінде біртұтас​ жаhандық-ақпараттық​ нарық қалыптастырып, мəліметтік қамалды, яғни барьерді біртіндеп жоюға əсерін тигізеді.​ Заманауи технологиялардың адам өмірінің барлық салаларында қолданылуы қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап , əлеуметтік-саяси мəселелер жайлы​ мағұлмат беретін бұқаралық ақпарат көздеріне​ де жаңа жанрлар мен тенденциялар əкелді.

Менің ойымша, ғаламтордың индивидуализациялануы дəстүрлі​ жаңалық тарату жолдарының​ эволюциясы мультимедиалық журналистиканың қалыптасуына ықпал етті.

Мультимедиалық журналистика дегеніміз не жəне оның дамуының басты трендтері қандай?

​Цифрлы журналистика ғаламтордың дамып, өркендеуінің нəтижесінде пайда болған медиасфераның жас жанры . Заманауи журналистикаға​ жылдамдық, инфоцентрлік жəне интерактивтілік тəн.​

​ ​Журналистиканың​ жаңа медиаконтексті қоғам өмірінде медиакеңістіктің негізін қалады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ ,бірнеше​ он жылдық бұрын тілшілер өз бағдарламаларын теледидар арқылы көрсету үшін​ телемұнараға арнайы жазылған кассетаны жеткізіп үлгеруі қажет еді. Ал​ баспа ісімен айналысатын журналистер мақаласын жариялау​ үшін жəне газет беттерін құрастыру үшін көп тер төгетін. Цифрлы журналистика аталған мəселелерді шешіп , оқиғаны дəлме - дəл уақытта жариялап , халыққа сенімді хабар жеткізуге мүмкіндік берді. Сондықтан журналистика Арнольд Мэтьюдің сөзімен айтсақ жол- жөнекей жазылатын əдебиетке айналды.​ Сонымен қатар, ұялы телефондар мен планшеттерге арналған арнайы қосымшалар жаңалықтың жылдам, мобильді түрде таралуының кепілі болып табылады.​

Ғаламтор – қолданушылардың ақпарат жəне пікір алмасуына арналған жүйе. Сол себепті мультимедиалық​ журналистика оқырмандарға өз ойларын еркін жеткізуге жағдай жасаған. Жаңалықтар сайтындағы арнайы​ функциялардың көмегімен оқырман белгілі бір оқиғаға қатысты өзінің сын пікірін білдіре алады​. Сондай- ақ​ интернет журналисткасы арқылы​ мамандар түрлі əлеуметтік сауалнамалар мен зерттеу жұмыстарын кең аудиторияны қамту арқылы​ іске асыру мүмкіндігіне ие. Еуропадағы халық билігінің жоғары​ болуы дамыған елдердеге электронды журналистиканың​ қоғамдық санада жене социумда өз орнын тауып , билік​ өкілдерімен берік байланыс​ орната білуінде деп білемін , сондықтан төртінші билік өкілдерінің​ ғаламтор желісінің арқасында халықты жан - жақты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етудің қайнар көзіне айналды.

Меніңше , қазіргі жаhандану кезеңінде журналистер түрлі комьпютерлік​ қосымшалар мен бағдарламаларды меңгеруі тиіс.

Заман ағымы мен қоғам талабы өзгерсе де, басты мақсаты мен​ принциптері – объективті əрі шынайы ақпарат жеткізіп, дүние жүзі тарихын жазуға үлес қосатын журналистика саласы əрдайым жаңарып өркендеп отырады.​ Сондықтан мультимедиалық журналистка​ – ақпараттық технологиялар дəуірінің басты символы, темір гаджеттер əлеміндегі өнертабыстардың үздігі.