Әлеумет

Науқас баланы анасы көк тиынсыз айықтырған

Баласының науқас екенін білген бастығы анаға мол мүмкіндік берген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Отбасы  — сыйластық пен  жарастық орнаған, кішігірім мемлекет. Әрбір жан үшін отбасының орны бөлек екені анық. Елестетіңізші, таңның атысынан анаңыздың нәзік үнінің сізді оятып жатқанын естіп ұйқыңыздан оянасыз .Ерекше сезім, солай ма?

Мен үшін де отбасымның орны айрықша бөлек. Олай деуіме себептерді қағаз бетіне түсіріп тауыса алмасым белгілі.

Біздің әрбір таңымыз ауылдың таза ауасымен,құстардың сайрауымен ататын. Менің отбасымның ерекшелігі әрқашан шай басына төрт көзіміз түгел отырмасақ болмайды. Атамыз ас қайырмайынша дастарханнан аттап тұрмаймыз. Бұрынғы альбомдарды қарап, жылы естеліктерді еске алатынымыз тіптен қатты ұнайды. Апамның қоңыр үнімен әндетіп отырып тігіс тігу, әкешімнің жанында табиғатты бейнелеу, анашыммен өткен қызықты сәттерім, әпкеммен сағынысып, сырласуым, ініммен таласып тұрып тәтті ұрлап ,кітап оқу – менің өміріндегі ешқашан өкінбейтін сәттерім. Ал атамның мектептен келгенде самаурынды қайнатып "Кел,қызым шайға!" деген сөздерін қатты сағынамын.

Міне,менің отбасым деп жарияға жар сала да аламын. Жәй ғана оқуға жиналғанда жалғызсырамай бүкіл отбасыңмен,ананың қою қара шайын ішудің өзі бөлек дүние!

Алайда,қазірде мұндай отбасылар аз. Бос уақытты бірге өткізуден бөлек дастархан басынан түгел ауыз тиюдің өзі сирек. Міне,сондықтан мен қаны қазақ тәрбиемізді сақтап келе жатқан отбасының мүшесі екеніммен мақтанамын. Бүгінгі отбасылар дастархан басына жиналудың орнына ұялы телефонды артық көреді. Бір-бір бөлмеде отырып таңғы ас ішу қалыптасқан. Қазақтың әрбір жанұясының өзіндік келбеті, өзіндік қағидасы қалыптасқаны анық. Бірақ төл тәрбиемізді неге отбасымызда қалыптастырмасқа?

Бірақ бұл айтылғандар жәй ғана отбасымызбен бірге ататын таңымыз туралы ғой. Ал енді  бір тәулікті  отбасыңызбен өткізсесіз, сол күнді  мақтанып айта алатындай естеліктерге толтырайықшы.

Әр адамның жаны бұл дүние есігін қандай отбасында ашатынын өздері таңдайды. Бұл таңдау саналы түрде жасалады. Өйткені,оның өзегіндегі нақты орындалар міндет бар. Ең алдымен “ата-анасына” өмірдің мәнін түсіндіру. Ата-анасы баласын тәрбиелейді деген пікір тас боп қалыптасса да ,шындығында бала ата-анасын тәрбиелейді. Балаға қандай да бір сынақ берілсе, отбасы бірге көтеруге міндетті. Көбісі баласымен өзіне берілген сынаққа налып жатады. Құдайда әділет жоқ деседі. Сынақты жақсылыққа бастайтын жол деп қабылдау керек.

Осы орайда, отбасы, ана мен бала махаббатына қатысты бір әңгіме ойыма оралды. Жалғызбасты жұмыскер  ананың он жасар баласы дертке шалдығады. Қол ұшын созар ешкім жоқ дейді. Дәрігерге көрсету үшін тиын-тебенді қайдан табарын білмей дал болады. Әрине, баласына дәрігердің емес, өзінің аналық махаббаттының қажеттігін сезбегендей еді. Баласының науқас екенінен хабардар бастығы анаға жарты күндік жұмысты ұсынады. Ана 24 сағат ойланып әзер келіскен екен. Сөйтіп ана мен баланың бірге  өткізетін уақыты артады. Ананың ыстық алақаны мен жылы сөздерін бала жиі еститін болды. Екі аптадан соң бала бойындағы созылмалы дерт жазыла бастайды. Бала ел қатарлы мектепке барады.

Мұндағы түйін – аналық махаббат, қамқорлық ,сырласа білу. Айтпағым, уақыт  жоқ, қаражат жоқ деп отбасы, бала тәрбиесінен, бала жүрегінен алшақтап кеттпейікші. XXI ғасыр жаңа технологиядар заманы, бірақ отбасылық жылуға бөлінетін бала саусақпен санарлық. Балалар мен қарттар үйінің көптігін айтпағанда  ата-анасымен тұрып, виртуалды әлемде өмір сүретіндері қаншама? Мұндай суықтық, отбасы жылуының аздығы салдарына ортадан адасып, өзіне қол жұмсайтындардың да саны көп. Сондықтан,Отанның бір бөлшегі отбасыңызға, бауыр еті балаңызға ыстық махаббатыңызға бөлеңіз. Әсте мұндай отбасынан құралған еліміз қай жағынан болсын озық ондық қатарынан табылады.