Қазақстан жаңалықтары

Қазақ тіліне қатысты жаңа заң жобасы қабылданды

Бұл туралы мәжіліс отырысында айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көрнекі ақпарат құралдарының мәтінінде орфографиялық қателік кетпеуі тиіс. Аталған талапты мәжіліс отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заң жүзінде бекітті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Заң жобасы бойынша, деректі орфография нормаларына сәйкес етіп беру және мәтіннің түпнұсқасын енгізу қажет. Көрнекі ақпарат құралдарына ғимаратта, аялдамада ілініп тұрған жарнамалық баннерлер, дүкендердегі баға белгісі жатады. Себебі олар қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайа ықпал ететін құралдар болып табылады» деді Раимкулова.

Көрнекі ақпарат пен мәтініне қойылатын 2 талап бар. Бірінші –  орфографиялық қателік жібермеу, екінші – қазақ тіліндегі мәтіннің сапасыздығын түсірмеу. Аударған кезде де түпнұсқадағы мағына жоғалмауы тиіс.

Мәселен, көрнекі ақпаратты жариялап, ғимараттарға орналастыру үшін заңнамадағы тәртіп  бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жасауыңыз қажет.

Мәдениет және спорт министрлігі басшысының айтуынша, мемлекеттік органдарға осы мәселе бойынша көптеген шағымм келіп түседі. Олар баннерлердегі ақпардың қазақ тілінде қате жазылғанына наразы.

Осылайша, Министрліктің ақпараты бойынша, мемлекеттік органдарға өтініштер саны 2018 жылы - 12 886, 2019 жылы – 12 900 құрады. 2020 жылы көрнекі ақпарат бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны – 3 442 құрады.

Отырыста атап өткендей, заң жобасы аясында ҚР 13 заңнамалық актісіне түзетулер енгізу  де қарастырылған.