МӘДЕНИЕТ

Жиембет жырау толғауларындағы философиялық ойлар

Жиембет – шамамен 1570\1575- 1643 өмір сүрген жырау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жиембет жырау – Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, жауынгері, жорықшы жырауы. Жиембет жыраудың мұрасынан бізге жеткендері ханға арнап айтқан үш толғауы және жыраудың айдауда болған кезіндегі халін баян еткен екі лирикалық өлеңі. Дегенмен, осындай аз дүниенің өзі Жиембеттің айтулы жырау болғанын, асыл сөздің де, істің де парқын білетін қайраткер, парасатты, дана абыз екенін дәлелдейді. Оның толғауларының көпшілігінде батырлар мен дала жасақтарының, ержүрек ер азаматтар мен батыл жауынгерлердің ерлік істері дәріптеліп, олардың бейнелері асқан шеберлікпен суреттеліп, ерекше биік серпінмен жырланады. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде Жиембет жырау өзінің батырлық бейнесін алдыңғы қатарға қойып, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді насихаттайды. Мҽселен, мына бір толғауында

Менімен ханым ойнаспа!
Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай, деп, өзінің қаһармандығы мен қайсарлығын ханның алдында қорықпастан ашып айтады.

Жиембет жыраудан қалған аса бір елеулі мұра – оның Есім ханға арнаған толғаулары. Жырау өздерінің жеке басының мүдделерін халықтың жағдайынан жоғары қойған атақты, өршіл хандарды әшкерелеп, оларды ауыр сынның астына алған. Өмірінің соңғы жылдарында жырау Есім ханның қаһарына ҧшырады. Сол кезде Жиембет жырау ҿзінің «Еңсегей бойлы ер Есім» атты ханға ҥндеуінде, жауынгер ес білгелі жаныңда болдым, ақыл- кеңесімді бердім, демеу болдым, ал сенің болса өмірің қатты деп, өз еңбегінің бағаланбағанына жырау өкпе назын білдіреді:

Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен

Есіл де менім кеңесім. Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сҥйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

М.Әуезов «Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда, ең алдымен сөз тапқыш, өткір деген суырылған шешеннен, суырылған ақыннан алатын. Бұлардың саяси салмағы зор болғандықтан, аузынан шыққан сөз де олқы болмауға тиіс» деген. Жыраулардың хан қаһарынан қаймықпай, батыл сөйлеп, шындықты тайсалмай бетке айтуы да осыдан.

Қорытындылай келе, жыраулар – халқымыздың барлық жастағы адамдарының асыл, саналы, иманды, тҽрбиелі, адал қасиетті болуын мұрат еткен нағыз тҽрбиешілер. Жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнеріндегі шынайы ұлттық сипаттың негізгі көркемдік іргетасы. Сондықтан, халықтық тәрбие дәстүрін жыраулар поэзиясы арқылы тереңдете ұғындыру – өмір талабынан туындаған мәселе.

Данат Жанатаев,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ф.ғ.к., доценті,

Мадиярбек Үміт,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранты