Bugin

Сарапшы: Қазақстан билігінің өзі жерді шетелге сатқанды қалайды!

Нұр отан жерді тартып алып, бергісі келмейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Жер кодексінде дау туғызар деректер өте көп. 2016 жылдан бері жұмыс істеп жатқан Жер комиссиясы мәселенің байыбына толық бара алмай отыр, тек бірнеше бағытта ғана қозғап, сонымен тоқтап қалды. Бұл жайлы ИАЦ МГУ аналитикалық порталына жарияланған Вячеслав Щекунскихтің мақаласында айтылған.

Автордың жазуынша, жер митингісінен кейін құрылған Мұхтар Тайжан бастаған Жер комиссиясы заңнаманың тек сыртқы жағын сырлаумен ғана айналысып жатыр. Мәселенің өзегі мен тереңіне үңілмей отыр. Бесжылдық мораторий жариялауға қол жеткізгенімен, жерді шетелдіктерге беру не бермеу мәселесі әлі толық шешілген жоқ.

Жер комиссиясының ұсынуымен бірнеше заңнамалық өзгеріс енгені белгілі. Олар:

- Жерді Қазақстан азаматтарына 49 жылға дейін жалға беру әрі жерді ұқыпты пайдалануды бақылау                                                   

- Қазақстан азаматтарына берілетін жердің аумағын (ең көп) бекіту;

- Елдімекеннің аумағын, соған енетін жер телімін (мал бағу, егін егу) белгілеу;

- Жері жоқ азаматтарға әкімдік тарапынан 10 сотық жер беруді ұсыну;

- Жер қорын құрып, бос жатқан жерлерді қайтару.

Бұл ұсыныстардың барлығын 2018 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, заңға енгізген.

Билік қулыққа басты

Автордың жазуынша, Қазақстан билігінің жерді шетел азаматтарына беруге бәрібір бүйрегі бұйрып тұр. Бұған рұқсат алу үшін бәрін жасауға тырысып, түрлі қулыққа баруда.

Мәселен, 2017 жылы президент Назарбаев билікті президент пен парламентке бөліп беру керек деп бастама көтеріп, Конституцияға өзгеріс енгізбек болды. Соған ел даурығып жатқанда, ешкімге білдірмей, Ата заңға шетелдік азаматтарға бүкіл мүлікке ие болу туралы толықтыру енгізіп жібермек болды.

Алайда халық мұны біліп қойып, тағы көтеріліп, қулықтың алдын алды. Содан дүрбелең турырар бап заңға енбей қалды.

Билік бергісі келеді

Жалпы Жер кодексінің өзі 2003 жылы парламентте дауыс берусіз-ақ қабылданып кеткен. Яғни, оны қабылдауға мәжіліс депутаттары әу бастан қарсы болған деген сөз. Оның қабылданып кеткен олар да білмей қалған көрінеді.

"Ал білгеннен кейін оған өзгеріс енгізу керек деп, 700-ге жуық толықтыруды санап берген. Алайда оның көбі сол беті қабылданбай қалды. Ал елде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай жерді жапа-тармағай бөлісіп, иелігіне алып алған жүздеген латифундист "Нұротандықтар" пайда болды. Олардың кейбірі заңға қарамай, бос жерлерді басып алған. Жерді пайдаланбай жай ұстап отырғандар да жетерлік. Кейбірі жерді шетел азаматтарына жасырын жалға беріп жүр", - деп жазады автор.

Журналист Владимир Катков ауыл-аймақтағы халықтың Астана мен Алматыға үре түрегеліп көшуіне де осы жер себеп болды дейді. Өйткені шабындық пен жайылым жердің бәрін "нұротандықтар" тартып алып, содан халық жерсіз, үйсіз-күйсіз қалды. Содан орталыққа ағылуға тура келді.

"Айта кеткен жөн, 2014 жылы шетел азаматтарына жер беруді заңдастыру туралы бастаманы көтерген де билік органы – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы болатын. Палатаның қоғамдық мониторинг департаменті директоры Ербол Үстеміров қала аумағындағы жерді комиссияның рұқсатынсыз беру туралы ұсыныс айтады", - деп жазады автор.

Биліктің өзі жерді алу мен беруді іштей құптап отырғандықтан, Заңға ірі өзгеріс енгізгісі келмейді. Оны енгізіп жіберудің "сәтті тұсын" бағып жүр.

Ал президент Тоқаевтың осы жылдың соңына дейін үкіметке жер заңнамасын қабылдауды талап ететіні анық. Ал үкімет болса, қалай болса, солай қаралып, жөнді өзгерісі жоқ қазіргі Жер Кодексін мақұлдап жіберетіні анық.

"Ендеше Қазақстандағы жер мәселесі жақын маңда шешіле қоятын мәселе емес. Дау-дамай өршімесе, азаймайды", - деп аяқтайды Вячеслав Щекунских.

Оқи отырыңыз

Асқар Мамин жердің сатылуына қатысты мәлімдеме жасады