Bugin
Комиссияның әр қадамын халық бақылап, танысып отыруы тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетел азаматына жерді сату мен беруге тыйым салу бойынша заң жобасын жасауға тапсырма берді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы мұны Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында айтты.
"Шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылық жерін сату мен жалға беруге тыйым салу туралы заң қабылдауға тапсырма беремін. Шетелдік акциясы бар заңды тұлғаларға да берілмесін. Тез арада Президенттің бастамасымен заңдық күшке айналуы тиіс деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселе бойынша құжаттама дайындасын", - деді Тоқаев.
Президент жер реформасы бойынша комиссия құрылып, 25 наурыздан бастап жұмысын бастасын деп тапсырды.
"Комиссияның әр қадамын халық бақылап, танысып отыруы тиіс. Барынша ашық және таза болуы керек. Бұл мәселені орынды шешіп, халықтың көңілінен шығамыз деген ойдамын", - деді Тоқаев.
Оқи отырыңыз
Сарапшы: Қазақстан билігінің өзі жерді шетелге сатқанды қалайды!