МӘДЕНИЕТ
Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын бірге жеңейік
Қорқыныш дегеніміз не?
Психологияда қорқыныш – күнделікті жұмыста, мектепте, көшеде, үйде және кез-келген жерде кездесетін негізгі "эмоция". Қорқыныш негізінен сіздің мінезіңіздің ерекшеліктеріне немесе өз-өзіне күмәндануға байланысты туындайды. Адам әртүрлі нәрселерден қорқады: су, биіктік, сәтсіздік, өлім.
Бұл мақалада барлығымыз білетін фобияға тоқталамыз: ол – "сахнадан қорқу". Көптеген адамдардың ең үлкен қорқынышы - іс-шарада, концертте, қызметкерлер мен сыныптастар немесе кез-келген басқа мекемеде көпшілік алдында сөйлеу.
Мен неге қорқынышпен күресуім керек?
Кейбір адамдар қорқыныш олардың өмірінде қалыпыты рөл атқаруы мүмкін деп санайды. Бірақ қорқыныш сіздің табысқа, мақсатқа жету жолындағы жоспарларыңызды бұзады. Егер сіз көпшілік алдында сөйлеуден қорқатын болсаңыз, онда сіз бұл қорқынышты жеңуіңіз керек. Көптеген жолдары бар, бірақ бұл туралы кейінірек айтамыз.
Сізде "Неге мен бұл қорқынышты жеңуім керек?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі, көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңе отырып, сіз сенімді, көшбасшы сияқты сөйлеп, идеяларыңызбен бөлісіп биіктерден көріне аласыз.
Неліктен адамдар көпшілік алдында сөйлеуге қорқады?
Көпшіліктің көзі сізге мұқият қарайды. Бұл өте қорқынышты. Жалғыз мен ғана осындаймын деп ойлайсыз ба? Өкінішке орай, жоқ. Мұндай адамдар мыңдаған, тіпті миллиондаған. Адамдардың аудитория алдында сөйлеуге қорқуының себебі көп. Олар:
- сіздің алдыңызда тым көп адам болады;
- сөйлеу - бұл сіз үшін жаңа нәрсе;
- басқалар сіз туралы не ойлайтынына алаңдайсыз;
- сіз сәтсіздіктен қорқасыз;
Сахнаға шығу қорқынышын жеңетін 7 әдіс:
1. Жайлылық аймағы
Сіз жайлылық аймағыңыздан тыс жерде өзіңізді жайлы сезінуіңіз мүмкін. Біртүрлі естіледі, бірақ бұл рас. Презентация дайындау, аудитория алдында сөйлеу алдымен қорқынышты болып көрінеді. Егер сіз жетістікке жетуді қаласаңыз, онда сіз өзіңіздің жайлылық аймағыңыздан шығуыңыз керек. Алдымен сөзіңізді немесе презентацияны дайындап бастаңыз және оны мүмкіндігінше ертерек бастаңыз.
2. Іс-тәжірибе
Бұл ең маңызды сәттердің бірі. Сіз бәрі тез әрі оңай емес екенін түсінуіңіз керек. Мүмкіндігінше көп сөйлеңіз. Айна немесе камера алдында сөйлеп үйреніңіз. Осылайша, қалай сөйлегеніңізді және болашақта нені үйрену керектігін түсінесіз.
3. Визуализация
Көзіңізді жұмыңыз. Сахнада тұрмын деп елестетіңіз. Сәтсіздіктеріңіз туралы ойламаңыз. Сіз көпшілік алдында сөйлеп тұрсыз. Бәрі сізге қарап, мұқият тыңдап отыр. Сізде бәрі жақсы. Өзіңізді қабылдай біліңіз және жақсы ойлаңыз!
4. Дем
Сахнаға шығар алдында бірнеше рет терең тыныс алыңыз. Бұл сізге өз сөзіңізді сенімді бастауға көмектеседі. Көпшілік алдында сөйлеген кезде сіздің тынысыңыз табиғи болуы керек.
5. Уақытыңды бос өткізбе
Көрермендер алдында сөйлеген кезде өзіміз туралы көп ойлаймыз: сыртқы келбетіміз, мінез-құлқымыз, дауысымыз және т.б. Адамдарға айтқыңыз келетін нәрсені жеткізу өте маңызды. Өзіңізге емес, аудиторияға назар аударыңыз.
6. Құзыреттілік. Сенімділік құзыреттілікке байланысты
Әрине, сіз істеп жатқан ісіңізде сауатты болу өте маңызды. Сіз не туралы айтып жатқаныңызды түсінген кезде, өзіңізді әлдеқайда сенімді сезінесіз. Егер қандай да бір тақырып түсініксіз болса, сол туралы ақпаратты біліп, өзіңізге жазбалар жасауыңыз керек. Сонда өнер көрсету соншалықты қорқынышты болмайды.
7. Өтірік кейіп танытыңыз
Сіз керемет спикер болмауыңыз мүмкін, бірақ аудиторияға жеткізуіңіз керек. Сөйлеу кезінде өзіңізді көрсете біліңіз. Сол кезде адамдар сізге сенеді. Бұл нәрсе оңай болмауы мумкін, бірақ сізге тәжірибе мен шыдамдылық көмектеседі.
Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын толығымен жеңу өте қиын! Одан құтылу мүмкін емес, бірақ кейбір кеңестердің көмегімен сіз жеңіске жете аласыз.