Bugin

Биылғы ҰБТ-ны тапсырудың ережесі мен талабы қандай?

Электронды форматта тапсыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылғы пандемияға байланысты ҰБТ-ға өзгерістер енді. Мұны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

"Әріптестерімізбен тестілеуді (ҰБТ) өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді", - деп мәлімдеді министр.

Бұл жылы ҰБТ жаңа форматқа ауысып қана қоймай, оқушыларға жоғары оқу орнына түсу үшін бірнеше мүмкіндік берілді. ҰБТ-ға енгізілген бірқатар өзгерістерге жеке-жеке тоқталып өтейік:

Пандемия кезінде ҰБТ қалай өтеді?

ҰБТ-ны биыл оқушылар компьютерлік форматта тапсырады. Пандемияға байланысты медициналық-санитарлық шараларды ұстанып, тест тапсырушылар 1,5 метр арақашықтық сақтауы тиіс. Қатысушыларға 240 минут уақыт беріледі. Тестілеу кезінде 2 минуттық және 15 минуттық үзіліс болады. Шығармашылық дайындықты талап ететін талапкерлерге – 65 минут.

Тест тапсырушының алдында жеке камера болады. Кабинетке талапкерді бақылайтын құрылғы қойылады. Тыйым салынған заттар анықталған жағдайда талапкер ҰБТ-дан босатылады.

Электронды форматта тапсырудың қандай артықшылықтар бар?

Талапкерге берілген компьютерге ЖСН нөміріңізді және жеке парольді енгізсеңіз, сол сәтте бірден жаңа нұсқа беріледі. Нұсқалар қайталанбайды.

Бұрынғы жүйе бойынша талапкер жауап парағындағы бояған жауабын өзгерте алмайтын. Ал электронды форматтың тағы бір артықшылығы - оқушы жауабын екі немесе бірнеше рет өзгерте алады.

Әрбір компьютерде билология-химия бейіндік пәнін таңдағандар Меңделеев кестесін, тұздар кестесі және калькулятор беріледі. Оқушы қай-қайсысын да еркін қолдана алады.

Биыл ҰБТ неше рет өткізіледі?

Қаңтар айында түлектерге алғашқы ҰБТ өткізілді. Бұл ҰБТ-да талапкердің жинаған балы ақылы оқу орындарына түсу үшін пайдаға асады.

Ал тегін грант үшін өткізілетін ҰБТ наурыз айында және сәуір-маусым айында өтеді. Бұл аралықта екі рет тапсырылады. Екеуі де грантқа түсу үшін жарамды. Тіркелу наурыз айында басталады.

Ауылдық жердегі оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Елімізде биыл 53 арнайы орталықта тестілеу өткізіледі. Кейбірі аудан орталықтарында орналасқан. Талапкердің саны көп немесе шалғай  аудандардағы оқушыларға қосымша бөлімдер ашылатыны хабараланды.

Техникалық ақаулар болған жағдайда оқушының жауабы жойыла ма?

Барлық пункттер бойынша енгізілген жүйеде оқушының әрбір қимылы сақталады. Өшкен жағдайда да, жауап сол күйінде қалады.

Мамандық бойынша бекітілген шектік балл қандай?

- Ұлттық жоғары оқу орындарына - 65 балл;

- Педагогикалық ғылымдар саласы бойынша кемінде - 70 балл;

- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, медицина саласы бойынша - кемінде 65 балл;

- басқа ЖОО-ға кемінде 50 балл жинаған талапкерлер жіберіледі.

Сұрақтар жаңартылды ма?

Әр жыл сайын сұрақтар базасы 30%-ға жаңартылды2018-2019 жылғы сұрақтардың да келуі ықтимал.

Бейіндік пәндердің сұрақтары 30-дан 35 сұраққа өсіріледі. Сонда 40 балдан 45 балға өзгереді. Осылай оқушының өз бейіндік пәнін мықты білетінін нақты көрсетеді.

Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылық 15 балдан, оқу сауаттылығы 20 балл. Жалпы - 140 балл. ҰБТ нәтижесі тапсырып болысымен, тест сұрақтарымен бірге 1 мәтін беріледі. Мәінге қатысты 5 сұрақ болады. Бейіндік пәндерде 21-25 сұрақ.

Р.S. ҰБТ - өмірдің бір бөлшегі емес. Қандай жағдай болмасын өмір жалғасады. Бірақ болашаққа жасалған қадам дәл осы сәттен басталатынын ескеруіміз керек. Сенің де жоғары оқу орнына түсіп , арманыңның есігін айқара ашуына тілектеспін, жас түлек!