Bugin

Троя жорығына себепкер болған әйел

Батырлар мен құдайлар, алпауыт кемелер, көз тоймайтын сұлу әйел – осының барлығы ежелгі тарихтың бір бөлшегі ғана еді. Ал сіз осы соғыстың неден басталып, қалай аяқталғанын білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

   Атақты грек поэті Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары гректердің Троя жорығына арналған еді. Яғни осы жорықтың нәтижесінде туындаған тарих пен жанама шындық араласқан мифтік аңыз. Алайда, бұл  тарих сахнасында орын алған, ең стратегиялық соғыстың бірі. Троя соғысының тарихы Гомердің «Илиада» дастанында баяндалған. Ол Троя қаласын гректің Ахей тайпасынан шыққандардың қалай талқандағанын суреттейді. Тарихшылардың пікірінше, бұл соғыс біздің дәуірімізге дейінгі 1240-1230 жылдарда болған. Троя соғысы грек аңыздарындағы негізгі оқиғалардың бірі. Ахейліктер мен Трояның арасындағы соғыстың тұтануына Спартадан шыққан сұлу Елена себепкер болады.

    Грекиядағы Пелепоннес аймағындағы Микені полисінің көсемі Агамемнон Троя қаласына б.з.б. 1200 жылы гректердің біріккен әскерін басқарып, соғыс ашады. Ал осы соғысқа түрткі болған оның інісінің әйелі Елена еді. Ол Троя қаласының патшасының баласымен қашып кетеді. Кектенген Агамемнон ыза мен намыстан Троя еліне басқыншылық жүргізеді. Алайда, Трояның берік те биік қамалдары грек әскерлеріне 10 жылдан астам уақыт тойтарыс беріп, олардың соғысының сәтсіз болуына әсер етеді. Бірақ грек әскері бір қулыққа барады. Олар Троя қаласының қамалының алдына өте ірі, алып, ағаш мүсіннен жасалған жылқы жасайды да, өз елдеріне кеткен болып кері шегінеді. Троя елі бұны сыйлық ретінде қабылдап, өз қамалдарына кіргізеді. Ең қызығы, ол жылқы мүсінінің ішінде грек жауынгерлері тығылған еді. Қала халқы соғыс басылған деп есептеп, түн жарымда тыныш ұйқысына кеткенде, грек әскерлері қаланы жаулап алады.  Осындай айлалы стратегиямен грек әскері тарих сахнасында қалды.