Денсаулық

Таңғы жетіден кейін ұйықтаудың пайдасы жоқ

Адамның көңіл-күйіне, денсаулығының жақсаруына, өнімді еңбек етуіне гормондар тікелей әсер етеді. Олардың қай кезде жақсы жұмыс істейтінін білсек, ағзамыздың шаршамауына көмектесе аламыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Таңғы сағат алтыға дейін бақыт гормоны – серотонин бөлінеді. Сағат алтыдан кейін кортизол деңгейі көтеріледі. Ағза белсенді сергектікке дайындалады. Дәл осы уақытта жоспар құрып, маңызды шешімдер қабылдаған тиімді.

Сағат жетіде мелотонин гормоны түзілуін тоқтатады. Әрі қарай ұйықтаудың маңызы да қалмайды екен. Одан кейін стероидтар күшіне енеді. Бұлшықет қызметіне жауапты стероидтар бөлінген кезде, денені шынықтырумен айналысқан дұрыс.

Күндізгі 10:00 мен 14:00 уақыт аралығында нейрогормон көрсеткіші жоғарылайды, есте сақтау қабілеті күшейеді. Оқу, жұмыс уақыты нәтижелі болсын десеңіз, күнделікті бұл уақытты босқа өткізбеңіз.

Өсу гормонының уақыты, түскі 14:00-ден кейін 20 минут ұйықтап алса, азғаға пайдалы.

Сағат 17:00-де кортизол гормоны төмендейді. Ми шаршап, бұлшықет қызметі қиындайды. Мамандар бұл уақытты маңызды шешімдер қабылдамауға кеңес береді.

Мелотонин гормоны жұмысын кешкі сағат 21:00-де бастайды. Адамның дене температурасы төмендеп, жаны жылылықты, демалысты қалап тұрады.

Түнгі сағат 22:00-де гипофиз эндорфин гормонын бөледі. Бұл уақытта ағза ұйқыға кетсе, денсаулық, өнімді ертеңгі күніңіз үшін де пайдасы ұшан теңіз.