Bugin

2021 жылы ҰБТ-ға енген өзгерістер

ҰБТ-ға берілетін уақыт, грантқа тапсыру үшін ҰБТ-ны қанша рет тапсыруға болады және ЖОО-ға түсу үшін шектік балл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылғы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер:

  • ҰБТ толықтай компьютерлік форматта өтеді;
  • Тест тапсыруға 240 минут беріледі  (шығармашылық емтиханды таңдаған оқушылар 65 минут). Тестілеу кезінде 2 минуттық және 15 минуттық үзіліс болады;
  • Нұсқалар ешбір оқушыда 100 % қайталанбайды;
  • Грантқа құжаттарды онлайн түрде egov.kz электронды порталы арқылы тапсырасыз;
  • Наурыз айында өтетін ҰБТ арқылы тек ЖОО-ның ақылы бөліміне түсуге болады;
  • Грантқа тапсыруға жарамды ҰБТ сәуір-маусым айларында 100 күн бойы болады. Бұл аралықта оқушының 2 рет тапсыруына мүмкіндік бар.
  •  Тіркеу наурыз айында басталады, тіркелген сәтте тапсыратын бөлімшені, екі датаны және уақытын таңдауға болады;
  • Әскери оқу орнына түсу үшін талапкер алдын ала ЖОО-дан нақты ақпарат алу тиіс, себебі әр ЖОО-ға байланысты талаптары әрқалай;
  • Шығармашылық емтихан тапсырушы 2 пән бойынша тест тапсырады:

    Оқу сауаттылығы - 20 сұрақ;
    Қазақстан тарихы - 15 сұрақ;
     
  • Оқушы шығармашылық емтиханды қай ЖОО-да тапсырса, конкурс кезінде сол ЖОО-ны таңдайды;
  • Техникалық ақаулар болып компьютер өшіп қалса, әрбір жауабыңыз сол күйінде сақталады. Себебі барлық тестілеу пункттері бойынша енгізілген жүйеде оқушының әр іс-әрекеті сақталады;
  • 15 минуттық үзілісте оқушыларға бір-бірімен сөйлесуге, пікір алмасуға рұқсат жоқ;
  • Мамандық бойынша шекті балл:
    - Ұлттық жоғары оқу орындарына - кемінде 65 балл;
    - «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша - кемінде 70 балл;
    - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша - кемінде 65 балл;
    - басқа ЖОО-ға - кемінде 50 балл жинаған талапкерлер жіберіледі.
  • Кешенді тестілеу толықтай ҰБТ  форматына ауысты;
  • Сұрақтар базасы 30%-ға жаңартылады;
  • Ресми түрде грант саны жарияланған уақытта, бірден joo.kz сайтына жаңалық шығады.