Ессіз ән бе, естір ән бе? - на bugin.kz
Гүлжанат - на bugin.kz Гүлжанат

Қазақ халқы үшін қазақ пен ән-күй, музыка егіз ұғым

Қазақ халқы үшін қазақ пен  ән-күй, музыка егіз ұғым. Бесіктегі баладан бастап о дүниеге шығарып салғанда да қазақ әнмен сөйлейді. Бесікте балаға әлдиін айтса, адам дүниеден озғанда жоқтауын айтып  келместің сапарына аттандырады. 

Иә, бұл халқымыз үшін әннің қаншалықта маңызы зор екенін көрсетіп тұр.Кезінде Абай атамызда:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, -деп қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлап кетті емес пе? Себебі, қазақтың әні де, күйі де –халқымыздың көне заманнан келе жатқан асыл қазынасы.

  Бір өңірден екінші өңірге әнін айтып, күйін тартып жүрген әнші-күйшілер, жыршылар, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді. Тіпті, бір ауыз өлеңмен сай сүйегіңді сырқыратар ойланарлық ақыл айтып, тағдырды да шешкен деседі. Ал қазір сол дәстүр өз жалғасын тапты ма? Ән мен күй арқылы тәлім-тәрбие беріліп жатыр ма? Әрине жоқ. Оған заман талабы деп соғатындардың мағынасыз әндерге деген құмарлығын жатқызуға болады. Сол үшін де есті әндер естілмей кетті. Үйіңіздің төріндегі көк жәшікті қоса салсаңыз болды тыңдаушының құлағын тескен, есер дауысты әншісімен бірге, талғамнан жұрдай, мағынасыз, не мән жоқ, не сыры терең ұлттық бояуы жоқ әндер қаптап кетті.

Гитлер музыканы өз саясатында ұтымды пайдалануды көздеген деседі. Ол «Басып алған жерлердегі халықтаң санасын бағындырғыңыз келсе, мәнсіз-мағынасыз музыканы күндіз-түні құлағынан кетірмей тыңдата беріңіз. Ол сонда саналы ойлаудан қалып, санасыз тобырға айналады» деген екен. Ондай мағынасыз әндердің қатарына қазіргі жастардың өліп-өшіп тындап жүрген кәрістің әншілеріне еліктеуші иглздардың әндері жатады.

 Мысалы, қазір «хит» деп жүрген «Newton» тобының орындауындағы «Жаным сол» деген әнінің мына шумақтарында тұнып тұрған қателерге кез боласыз:

Сақтайды есте күн мен айды,

«Қайырлы түніңмен деген жоқсын деп»,- деп

Әр уақытта ұмытпайды.

Санап есте сақтап.

Бұл жердегі «Қайырлы түніңмен деген жоқсын» деген сөйлемді алайық. Қазақ тілінде «Қайырлы түніңмен» деген тіркес мүлдем жоқ. «Қайырлы түн, қайырлы күн» дейді. Бұлары жай «Мерекеңмен» деген жоқсын деп айтқысы келеген ау шамасы. Жарайды бұны қоя беріңіз, ендігісі үлкен тіпті өрескел қателік!

Жүрек сұрайды өзіңдей пәк аруды

Ішкі сезімімді махаббатпен толтыршы,

Сені ренжітуге текке жол бермеймін

Керек десең бүткіл жауларыңды жерлеймін.

Бұнысына қарағанда аспандағы айды алып бергені жақсы ма деп қаламын. «Керек десең жауларыңды жерлеймін», яғни сен үшін адам өлтіремін дегені қазіргі кездегі сүйем күйем деп жүрген жастардың санасын улайтыны хақ. Осы ән сорақылықтың шегі деуге болады. Бұдан артық қандай масқара болмақ! Әлде, біз сөз бен әннің жүйесін, киесін түсінбейтін жағдайға душар болдық па? Қазақ эстрадасындағы хит әндердің орындаушысы Ерке Есмаханның «Неге» әніндегі мына сөздерге зер салайықшы.

Алыстап алыстап барады арамыз

Алыптап алыстау ееее,

Алыстап алыстап барады арамыз

Алыстап алыстау ееее

Күндізде де түнде де

Сені ойлаймын жаным неге

Күндізде де түнде де

Сені ойлаймын жаным неге

Сені неге,-деген шумақтардағы «күндізде де түнде де» деген сөздерде «де» жалғауынан кейін «де» шылауы жалғанбайды. Бұл қазақ тілінің қатып қалған ережесі. Мұндай мағынасыз сөздерге толы мысалдарды тізіп тауысу мүмкін емес те шығар.

Шәмшітанушы, компазитор Қалдыбек Құрманәлі - қазір ән тоқыраған, ал ырғақ, әуен көбейген. Меніңше, талғам бұзылған. Бұрын радиодан берілетін қазақ әндерінің тоқсан пайызы лирикалық әндер болатын. Ал қазір радиодан лириканы тыңдау мүмкін емес. Кілең ырғақты әндер жайлап алған деген екен. Жөн-ақ! Бұл мағыналы әндеріміздің дұрыс насихатталып жатпағанының әсері де шығар. Ән деп аталатын асыл мұрамыздың кадіріне жете алмай жүргеніміздің салқыны болар, осы күні әнді, әсіресе, халық әндерін  мектептердегі бастауыш сынып оқушылары да билей жүріп айтатын болыпты. Балғын балаларға, әрине, бәрі де жарасады. Бірақ сол сәбилеріміз ертең есейіп ер жеткенде ән айтқанның жөні осы екен деп жұлқына секіріп билеп кетсе, не демекпіз.

Қазақтың дәстүрлі әншісі Шаба Әденқұлқызы бұл тұрғыдан былай деген болатын: «

Қазақ радиосында әнді іріктейтін комиссия бар. Олар әннің мәтіні мен музыкасына терең үңіліп қарайды. Ал басқа радиоларда басқа ұлт өкілдері отырады. Әннің ақшасы төленсе бітті, эфирге салынады. Өзім әнші болған соң, әр радиоға барып, бұл жағдайға қанық болдым. Әнді бір ай айналдырып береді, тиісті ақшасын бересің. Телеарналардың жұмысы да ақшаға тірелген. Кім жұлдыз болғысы келсе, кім атақты болғысы келсе, қалтасы қалың адаммен тығыз байланыста болуы керек. Демеуші арқылы бейнебаян түсіреді, оны каналдарға береді. Мысалы, «MusicTV» мен «Муззон» бейнебаянды күніне 4 рет көрсету үшін 3-4 мың доллар сұрайды. Бір арнаның ең арзан пакеті – 470 мың теңге деп есептеп берді, ал жаңағы музыкалық арналар одан да қымбат. Сонда ешқандай байланысы жоқ әншілер осындай жағдайда өзін қалай танытады?

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қазақ ән өнерін талғамсыздық, сауатсыздық жайлап барады. Белгілі бір көркемдік кеңес құрылып, әнді саралап, сараптап, екшеп-елеп отырса, мұндай жағаңды ұстатарлықтай өрескел қателіктер түзелер ме еді деген ой ғана.

0 Пікір Кіру