Саясат

Назарбаев: Бүгін қазақтарға алғыс айту әділетті болар еді

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен тұспа-тұс келген Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бері атап өтіледі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құттықтау хаты elbasy.kz сайтында жарияланды.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өрлеу мен өркендеуге бастайтын жол адамгершіліктің айнымас қағидаларына, толеранттылық принциптеріне, төл тарихымызға құрмет пен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке негізделетінін тағы бір мәрте айғақтап отырмыз.", - деп лебізін білдірді.

Алғыс айту күні – елімізді мекен ететін жүз отыздан астам ұлт өкілдері арасындағы ынтымақты бекіте түсетін мереке. Бұл туралы Елбасы:  «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн  – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Айта кетейік, биыл мерекенің тойланып жатқанына бесінші жыл.