Bugin

Данияр Әшімбаев: Қазақты Сталин қырды деу – ақымақтық

Ұжымдастыруды ұйымдастырған - Алматы билігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев 1920-30 жылдары болған ашаршылықты геноцид деуге келмейді, елдегі ұжыдастыру мен кәмпескелеуді Мәскеу емес, Алматының өзі жүргізген дейді. Ол мұны ИАЦ МГУ-ге берген сұхбатында айтты.

Саясаттанушының айтуынша, ашаршылық мақсатты түрде жүргізілген саясаты емес, аяқ астынан орын алған, білместік пен надандықтан туған қайғылы жағдай. Оған Голощекин мен кеңес билігін кінәлау әуместік. Оның меңзеуінше, қазақ халқының басқа халықтардан көп қырылуының себебі – көшпенді өмір салты мен қазақ басшыларының "шаш ал десе, бас алатын" надандығы.

"Орталық Азиядағы басқа отырықшы республикалар – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Башқұрстан мен Қалмақия ұжымдастырудан оңай өтті. Ашаршылыққа ұшырамады. Сондықтан Сталин мен Ленин тек қазақты ғана құртқысы келді деу – ақымақтық. Кеңес үкіметінің басшылығында өзге ұлттарға қарағанда дәл қазақтар көп болды. Мәселен, РСФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов болды. ВЦИК-тің Ұлттық бөлімін қазақтар басқарған. Ал бұл мекеме – федерациядағы ұлттық саясатқа жауап беретен ең ірі орган еді", - дейді Әшімбаев.

Оның ойынша, жаппай ұжымдастыру мен отырықшы өмірге көшуді үдеткен, оған күш салған Мәскеу билігі емес, Алматының өзі. Ал бұйрықты берегн - Алматыдағы басшылар. 

"Мұны тәуелсіз зерттеушілердің өзі де айтып жүр. Алматыдағы қазақ басшыларының өзі ұжымдастыруға мүдделі болып, асыра саясат жүргізді. Мәселен, солардың бірі, ұжымдастыруда басты рөл атқарған басшы – Ораз Жандосов болды. Сондықтан бәрін Голощекинге жаба салу дұрыс емес. Оның үстіне, орыс аудандарына ұжымдастыруды жүргізу үшін орыстарды, қазақ қоныстанған аумаққа қазақ ұйымдастырушыларды жіберген. Бұған қазақ басшыларының арасындағы өзара кикілжіңді қосыңыз. Олар идеология мен ұлттық мүдде тұрғысынан екіге бөлініп, бірін-бірі мойындамайтын еді", - деп түсіндіреді Әшімбаев.