Bugin

Зеленский коронавирусқа қарсы вакцина алды

Украинаның Президенті Владимир Зеленский коронавирусқа қарсы вакцина алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зеленский вирусқа қарсы вакцина алғандығы туралы Instagram парақшасында жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Дәрігерлер мен әскерилерді ендігі вакцинациялауда. Қалғандарының бәрін "Дії"-ге кезекке тұруға шақырамын. Қорқатын ештеңесі жоқ, оған өзім дәлелмін",- деп жазды постында.

Зеленскийге Северодонецкідегі әскери госпитальда бас қолбасшы ретінде вакцина егілді. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Юлия Мендель LIGA.net сайтында мәлімдеді.

Айта кетейік, Президентке Үндістанда сатып алынған Covishield вакцинасы егілді.