Bugin
7 жыл болды
АҚШ президенті Джо Байден Ресейге Қырымды күштеп басып алғаны үшін салған санкциясын тағы бір жылға созды. Бұл жайлы Настоящее время хабарлады.
Бұл санкцияны 2014 жылы Барак Обама енгізген, кейін оны Дональд Трамп та создырды. Енді міне, Байден де жалғастырып отыр.
"Шектеулер сол күйі қалуы тиіс. Өйткені АҚШ-тың қауіпсіздігі мен ұлттық қорғанысы үшін қажет", - деп түсіндірді Байден.
Айта кеткен жөн, 2014 жылы Ресей Украинаның жері – Қырым аралына басып кіріп, тартып алған еді. Халықаралық ұйымдар Ресейдің бұл әрекетін қатты сынап, Еуропа мен АҚШ, Канада мен Аустралия, Жаңа Зеландия экономикалық санкция енгізген еді. Ресей шенеуніктері мен компанияларының Еуропа мен АҚШ-тағы активтері құлыпталып, тауар айналымына шектеу қойылды. Кей мамандардың болжауынша, Ресейдің экономикасының құлдырауына санкция себеп болды.
Осы аптада Еуроодақ пен АҚШ билігі Ресейге тағы бір санкция салды. Бұл жолғысы – саяси санкция. Ресейді компаниялары мен бизнес өкілдеріне тиіскен жоқ. Негізгі себеп – Кремль билігінің оппозиционер Алексей Навальныйды жазықсыз соттап, адам құқығын аяққа таптағаны.