Bugin
Енді орыс шенеуніктері Еуропаға кіре алмайды
Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері жиналып, Ресейге қарсы санкцияны бекітті. Еуропа елдері бұл санкцияны оппозиционер Ресей билігі Алексей Навальныйды соттаған кезде енгіземіз деп мәлімдеген. Осы күнге дейін санкцияның жай-жапсары талқыланып, бүгін бекітті. Бұл жайлы ТАСС агенттігі хабарлады.
"Тұрақты комиссия өкілдері Алексей Навальныйға үкім шығаруға қатысқан, ат салысқан тұлғаларға санкция салуды мақұлдады. Енді мұны ЕО Кеңесі қарап, ресми түрде күшіне енбек", - дейді делегация мүшелері.
Еуроодақ елдері Ресейге қарсы санкция енгізу туралы саяси шешімді 22 ақпан күні қарастырып, оған бірауыздан дауыс берген. ЕО елшісі Жозеп Боррель Ресей адам құқығын таптап, Алексей Навальныйды соттағаны үшін әрі оған қатысқан шенеуніктерге санкция салынатынын мәлімдеген.
Еуропа одағы 2020 жылы күзде Алексей Навальный уланып Германия ауруханасына түскен кезде, Ресейдің әскери және құпия қызмет басшыларының алтауына санкция салған еді. Ал бұл жолы бұлардың тізімі өседі. Алайда нақты кімдердің тізімге енгені белгісіз.
Санкцияның шартына сенсек, қара тізімге енген тұлғалар Еуропа одағының елдеріне ене алмайды. Алайда қаржылық есепшоттары мен жылжымайтын мүліктеріне арест салынар-салынбасы белгісіз.
Оқи отырыңыз