Bugin
Бұған дейін шенеуніктері қара тізімге енген еді
АҚШ мен Ұлыбритания бірігіп Ресейге химиялық қару қолданғаны үшін тағы бір санкция салмақ. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі экстремальды шараға барғалы тұр: енді Ресейдің мемлекеттік қарызына санкция салуы мүмкін. Бұған дейін тек шенеуніктеріне ғана санкция салынса, енді Ресей олигархтары қара тізімге енуі мүмкін. Мұндай жағдайда Ресейдің байлары Еуропа мен АҚШ-тағы байлығынан қағылып, акциялары мен жылжымайтын мүлкі бұғатталып қалмақ.
АҚШ-тың мұндай шараға баруына Ресей билігінің оппозиционер Алексей Навальныйдың улануы қатысты тергеу шараларын бастамай отырғаны себеп.
Байден әкімшілігі "егер Ресей химиялық қаруды тағы бір рет қолданса, онда Магнитск актісін қабылдайтынын" жеткізді.
Магнитск актісін 2012 жылы Барак Обама Ресейге қарсы қабылдаған. Кейін оны бүкіл әлем елдері мақұлдап, Ресейдегі адам құқығын бұзып, аяққа таптаған тұлғаларды қара тізімге енгізген. Олардың банк есепшоттары бүкіл әлемде түгелдей бұғатталды. Виза алуына шектеу қойылды.
Оқи отырыңыз
Ресей шенеуніктерінің Еуропа мен АҚШ-тағы байлығы бұғатталды